Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыс тіркелген
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 27/09/2024

Қазақстанда адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыс тіркелген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болды. Ақтөбе облысы прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзасын сатуға мәміле жасағанын анықтаған.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жүргізіп, өзінің ішкі ағзасын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған азаматты ұстады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді Ақтөбе облысының прокуратурасынан.

Айтып өтелік, жыл басынан бері адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыс тіркелген. Оның ішінде алты дерек бойынша қылмыс жасағандар жауапқа тартылған. Ал қалған тоғыз қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ІІМ-нің ресми дерегінше, 2020-2022 жылдары елімізде адам ағзасын сату фактісі тіркелмеген. Ал былтыр дәл осы қылмыс бойынша бес іс қаралған.

Әлемде ағза сатуға салынған тыйым

Ағза сатуға бүкіл әлемде тыйым салынған.

Factcheck.kz мәліметінше, ДДСҰ-ның адам клеткаларын, тіндері мен ағзаларын трансплантаттау принциптерінде:

«Тірі донордың клетка, тін және ағза беруі тек тегін жүзеге асырылады, ешқандай ақшалай төлем немесе басқа да ақшалай өтемақыны қарастырмайды. Клетка, тін немесе ағзаны трансплантаттау үшін сатуға немесе сатуды ұсынуға, тірі донордың немесе өлген адамның жақын танысының сатуына тыйым салу керек», делінген.

Бүйрек донорлығы үшін қаржылай өтемақы беретін және туыстық емес донорлықты қолдайтын жалғыз ел – Иран. Ресми төлем коммерциялық келісім емес, өтемақы екенін де атап өту керек. Биліктен болатын «альтруизм сыйынан» бөлек, донор мен реципиент қосымша өтемақы туралы да келісе алады.

Қазақстанда тек қан донорлығы үшін ғана өтемақы қарастырылған. Олар тегін тамақ немесе ақшалай эквивалент ала алады.

Елде ағза донорына қанша адам кезекте тұр?

Елімізде төрт мыңнан астам адам ағза донорына кезекте тұр. Орган ауыстыруға мұқтаждар саны жыл санап артып келеді. Дертіне шипа іздеп, өмір үшін арпалысқа түсетіндердің басым бөлігіне бүйрек пен бауыр қажет екен.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ел бойынша 4 102 науқас күту парағында тұр. Бүйректі – 3 600, бауырды – 170, жүректі – 135 адам күтіп отыр. Оның ішінде 102 сәби бар. Жыл сайын 300 адамдай қосылады. Қазақстан бойынша транспалантация жасайтын жеті орталық бар. Биыл 19 науқасқа трансплантация жасалған.

Алты мың қазақстандық мәйіт доноры болуға дайын

Қаза тапқаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге 40 мың қазақстандық ниет білдірген. Оның ішінде алты мың адам нақты рұқсатын берген.

Елімізде донор тапшылығының мәселе екені белгілі. Мәйіттік донордың жетіспеушілігі бар. Мамандардың сөзінше, Еуропа мемлекеттерінде 95 пайыз мәйіттік трансплантация жасалады. Ал біздің елде керісінше. Бізде 99-98 пайыз туыстық трансплантация жасалады.

Қайтыс болған бір адамның ағзасы жеті жанның өмірін құтқаруы мүмкін. Елде 18-ге толған, дені сау, кез-келген азамат донор бола алады. Ол үшін еgov порталы арқылы электронды түрде немесе емханаға барып келісімін береді немесе бас тартады.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Адам ағзасын сату дерегі Ақтөбе БҚО ҚР Трансплантация
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.