Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қазақмыс» экс-президентке ұшақ сатып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Наргиза Ерес sarapshy.info 06/02/2025

«Қазақмыс» экс-президентке ұшақ сатып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Қазақмыс» корпорациясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алуға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

«Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз», — делінген хабарламада.

Корпорация мұндай ақпараттың негізсіз екенін, әуе кемесі компанияның өндірістік қажеттіліктері үшін алынатынын мәлімдеген.

«Қазақмыс» корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әперген жоқ», — делінген.

Ақпарат қайдан пайда болды?

2025 жылы 3 ақпанда Бәсе YouTube-арнасында «Қазақмыс” корпорациясының 83 миллион долларға Airbus ACJ220-110 бизнес-джет сатып алғаны айтылады. Арна ұшақтың экс-президент үшін сатып алынғанын мәлімдеді.

18 адамға арналған әуе кемесінің көлемі 73 шаршы метр. Лайнер корпорацияның балансына 2024 жылдың қазан айында қосылған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 17-18 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясына» қарасты бірқатар кеніште ереуіл болған еді.

Ереуілшілердің негізгі талаптары – жалақыны халықаралық нарықта мыс бағасының өсуі, доллар бағамының көтерілуі, азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы аясында 30%-ға көтеру. Сондай-ақ, жаңа талаптар ретінде жалақыны 100%-ға арттыру және мемлекеттік органдар тарапынан қысымды төмендету болды.

 

Сурет: kazakhmys.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Қазақмыс» корпорациясы Airbus ACJ220-110 бизнес-джет ереуіл Нұрсұлтан Назарбаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.