Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақ ұлтына тіл тигізген Алика Мұхамадиеваға қатысты сот ісі жалғасып жатыр
Дария Ғұмар жаңалық 18/10/2025

Қазақ ұлтына тіл тигізген Алика Мұхамадиеваға қатысты сот ісі жалғасып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қарағандыда қазақтарға тіл тигізген Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Прокурор Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталған Мұхамадиеваны 4,5 жылға абақтыға қамауды сұрады.

17 қазанда өткен сот отырысында прокурор Фарида Садуова айыпталушының кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы Мұхамадиеваның өз кінәсін мойындағанын және оның кішкентай баласы барын ескерді.

Сонымен қатар, Садуова жазаны орындауды төрт жылға дейін кейінге қалдыруға болатынын, бірақ бұл мерзім баласы 14 жасқа толғанға дейін ғана ұзартылатынын атап өтті.

Айыпталушының адвокаты Тимур Солодуха Мұхамадиеваның бұған дейін заң бұзбағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін айтып, соттан оған екінші мүмкіндік беруді сұрады.

Қорғаушы тарап жазаны айыппұлмен алмастыру мүмкіндігін де қарастырып отыр. Айыппұл мөлшері 12 миллион теңгені құрауы мүмкін.

Биыл жазда Алика Мұхамадиева Threads желісінде қазақтар мен мұсылмандарды қорлайтын пікірлер қалдырған. Кейін ол қоғам алдында кешірім сұрады, алайдажергілікті сот оған қарсы қылмыстық іс қозғады. Мұхамадиеваның тергеу сатысында елден кетуді жоспарлағаны белгілі болғандықтан, оны қамауға алу туралы санкция шығарылды.

2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда қылмыстық кодекстің әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру туралы 174-бабы бойынша 11 адам сотталды. Олардың біреуі абақтыға TikTok әлеуметтік желісінде өзге ұлт өкілдеріне тіл тигізгені үшін қамалған.

фото: Tengrinews.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Threads әлеуметтік желісі Алика Мұхамадиева Қарағанды Сот ісі Ұлтаралық алауыздық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.