Автор: Nargiza Yeres

Ұлттық банк 2025 жылы бірыңғай QR төлемдерін іске қоспақ. 15 қараша күні Алматы қаласында өткен жиында алғашқы қаржы аударымы көрсетілді. Екінші деңгейлі банктер транкзацияны қолданады. Банкаралық төлем Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымның жетілдіруге түсуіне септеседі. Жаңа жобаны ҰБ мен Ұлттық төлем корпорациясы бірге атқарған. Осы жүйге қаржы ұйымдары біртіндеп қосылады. «Банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне әртүрлі банктердің бірнеше терминалдарын орнату құнын төмендетуге, ал азаматтарға QR-код арқылы елдегі кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде банктер NDFI инфрақұрылымына қатысу аясында банкаралық транзакцияларды өңдеу құнын төмендету және клиенттерге төлем қызметтерін кеңейту есебінен шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады», — деп…

Read More

Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың жалғыз баспанасын сақтап қалу үшін 2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Бағдарлама аясында 48 мың адам 3%–дан аспайтын мөлшерлемемен 315,8 млрд теңгеге ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылып, 87,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік осал топқа жататын 10 мың азаматтың борышы есептен шығарылған. Осыған дейін азаматтардың 2004-2009 жылдар аралығындағы қарыздары қамтылған болса, биыл қыркүйектен бастап ипотекалық қарыз алушыларды көп қамту үшін  2010-2020 жылдар аралығындағы кезеңде берілген қарыздар қосылды.  «Биыл 19 маусымдағы кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы…

Read More

Банк секторының  табысы артып келеді 2024 жылдың бірінші қазан айындағы ақпаратқа назар аударсақ,  Қазақстанның екінші деңгейлі банктері айтарлықтай қаржылық нәтижелер көрсетті. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, банктердің таза табысы 1,85 трлн теңгеге жетіп, тамыз айымен салыстырғанда 203 млрд теңгеге өскен. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үлкен табыс болып отыр. Бұл көрсеткіш банк секторындағы өсім мен депозиттердің артуына байланысты болып отыр. Банктердің ішінде 9 айда ең көп таза пайда тапқан ТОП-5 банктің ішінде өсімнің басты бөлігін елдегі ірі банктер қамтамасыз етуде, олардың ішінде Halyk Bank (600 млрд), Kaspi Bank (379 млрд), Банк ЦентрКредит (139 млрд), Jusan Bank (120 млрд), және ForteBank (113…

Read More

Мамырда «Самұрық-Қазынаға» қарасты Qazaq Air компаниясын вьетнамдық инвестор сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Мұны алдымен  Президент Тоқаев, кейінірек министр Қарабаев хабарлады. «Вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруін құптаймын. Бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынастарын жандандыруға мүмкіндік береді», – деді Тоқаев 23 мамырда Сингапурда өткен Қазақ-Сингапур бизнес-форумында. Сол форумда ҚР Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасында Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Артынша Үкіметте өткен брифингте көлік министрі Марат Қарабаев сатып алу-сату келісімі қыркүйек айының соңына дейін аяқталатынын хабарлап,  VietJet кем дегенде 20 (кейбір ақпаратта 50-ге дейін) ұшақты тіркеп, ел ішінде де, халықаралық деңгейде…

Read More

2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» АҚ шахтадағы ойыққа көлік құлап, төрт жұмысшы қаза тапты. Олар «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-ның құтқарушылары болып шықты. Осы апат салдарынан мерт болған азаматтың туыстары жұмыс берушіден моральдық өтемақы талап етіп, сотта ұтқан. Екібастұз қаласының соты талап берушілердің арызын қанағаттандырады. Аталған ЖШС 120 млн теңге төлеуге тиіс болды. Бірақ Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 13 қарашада азаматтық істі қайта қарап, өтемақы көлемін азайтты. Сот алқасының қаулысымен жұмыс беруші құтқарушының туыстарының әрқайсына 7 500 000 теңгеден төлеуге тиіс болды. Алқа Екібастұз соты кейбір факторларды ескермеген деп есептейді. «Жазатайым оқиға «Майқайыңалтын»…

Read More

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде «Каспий теңізінен кит табылды», — деген тақырыппен түрлі ақпарат тарап жатыр. Соның бірі «Каспий теңізіннен 30 тонналық кит жағаға шығып қалды» — деген видео материал Aktau Live инстаграм парақшасына жарияланған. Ақпаратты бірге тексеріп көрейік.  Негізі бұл видео материалда ақпаратты бұрмалау бар. Яғни, видео бір ракурстан ғана түсірілген. Сол себепті оқиғаның қайда болып жатқанын анықтау оқырманға қиын. Оған қоса, видео Ақтаудағы парақшаның біріне салынған және тақырыпқа Каспий теңізі деп жазылған. Бұл оқиғаның шынымен Қазақстанға қатысы бар ма? Негізі мән-жай мынадай: Видеоның Каспий теңізі жағалауында түсірілгені рас. Алайда Әзірбайжанның Баку қаласындағы Каспий теңізі маңында болған. Бір қызығы, бұл…

Read More

Ислам даму банкі Қазақстанда су инфрақұрылымы бойынша жобаларды атқаруға қомақты қаражат бөлді. Банк 3,5 млн доллар өтеусіз грант қаражатын бағыттады. ҚР Үкіметі мен ИБД өкілдері Бакуде келісім құжаттарына қол қойды. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметіне сай грант қаражатына елорда мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған: Астана су қоймасын толықтыру; Төрт жаңа қойма салу; Төрт қойманы жаңғырту; 115 арнаны реконструкциялау және жаңалау. 2024 жылдың көктемінде Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны орын алды. Осы кезеңде Үкіметтің тасқынға дайындығы нашар болып шықты. Бірнеше су қоймасы мен басқа да инфрақұрылымдардың талапқа сай салынбағаны анықталды.…

Read More

Елде жалған шетел валютасын өткізу фактісі жиілеп кетті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Соңғы уақытта Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында жалған ақшаны сатуға байланысты бірнеше оқиға тіркелді. Қазақстан бойынша жыл басынан бері 1 060 жалған банкнот  тәркіленді. Бұл туралы хабарламада төмендегідей деректер көрсетілген: “Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра. Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады”. Алматы қаласында бір топ адам жалған 100 доллар сатумен айналысқан. Қылмысқа…

Read More

2024 жылдың қазанында 488 теңгеге дейін немесе бірден 1,5%-ға күрт құнсызданған төл валюта үшін «қолайсыз» күндер әлі жалғасуда. Қарашада бағам 492 теңгеден асып түсіп, бүгін – 12 қарашадағы Қазақстан қор биржасындағы саудада 495 теңгеге тұрақтады. Астана мен Алматының ақша айырбастау пунктері долларды 495-498-ден саудалап жатыр. Ал айлық есепте қазақ ақшасы АҚШ валютасына қатысты бірден 10, 57 теңгеге құнсызданған. DXY индексі өсті, төл ақшамыз керісінше құнын жоғалтты BCC Invest сарапшыларының хабарлауынша ұлттық валюта ішкі факторлардың ықпалынан емес, доллар индексінің нығаюы әсерінін қысымға ұшырады. Экономика тілінде мұны DXY деп атайды. Бұл көрсеткіш АҚШ долларының шетел валюталары қоржынына қатысты құнын көрсетеді. Көбінесе АҚШ…

Read More

БҚО-да Капустин Яр және Азғыр ядролық полигонынан зардап шеккен мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттен 2 АЕК (2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге, бұл шамамен 7384 теңге) көлемінде жәрдемақы төленеді. Облыс әкімі Н.Төреғалиев журналистерге сұхбат бергеннен кейін дәл осы ақпарат БАҚ-тарда жарияланды. Бұл деректің анық-қанығына көз жеткізу үшін Бөкей Ордасы ауданы әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарластық.  2023 жылдың 23 қазанында аудандық мәслихаттың “Бөкей Ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы” №8-1 шешімі шыққан: Бірінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға ай сайын – 2 АЕК;  Екінші топтағы мүгедектерге…

Read More