Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Бүйрегін сатпақ болған атыраулық тұрғын бір жылға бас бостандығынан айырылды
Наргиза Ерес sarapshy.info 21/01/2025

Бүйрегін сатпақ болған атыраулық тұрғын бір жылға бас бостандығынан айырылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе қаласының № 2 соты бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған Атырау қаласының азаматы Ерболат Орынбасаровқа қатысты үкім шығарды. 

Сот үкімімен Орынбасаров Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 116-бабының 1-бөлігі бойынша («тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталды») кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған Кодекстің 63-бабына сай жазасын өтегенше пробациялық бақылауда болады.

Оқиғаның мән-жайы

Ерболат Орынбасаров 2024 жылдың маусымында өзінің бір бүйрегін сататыны туралы хабарландыруды телеграмда жариялаған. Желіде бүйрегін 9 млн теңгеге бағалайтынын жазған. 2024 жылдың 20 қыркүйегінде әйел адам хабарласады. Екеуі бүйректі сатып алу туралы келісімге келеді. Медициналық тексеруден өткеннен кейін күдікті бүйректі саудалап жатқан жерінен ұсталады. Сатып алуға келіскен кісі сол кезде 5 млн теңге төлеген. 

Орынбасаров ағзаны сатуды сұраған адамды құқық қорғау органдарының арнайы жолдағанын білмеген. Куәгер сотта мән-жайды баяндаған.

Жаза

Сотталушы өз кінәсін мойындады. Оның кішкентай балалары бар екені белгілі болды. Судья осы себепті жазаны жеңілдеткен. Ақтаулық тұрғынға шартты түрде жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қосымша дерек

Ақпарат құралдары жариялаған мәліметке сүйенсек, 2024 жылдың тоғыз айында адам азғасын саудалауға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде алты факт бойынша күдіктілер жазаға тартылды.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ақтөбе қаласы Ақтөбе қаласының № 2 соты бас бостандығынан айыру бас бостандығынан айырылды Бүйрек сату Ерболат Орынбасаров құқық қорғау органдары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.