Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Семей орманы» резерватындағы өртке кінәлі қызметкерлер сотталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 22/01/2025

«Семей орманы» резерватындағы өртке кінәлі қызметкерлер сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Семей орманы» резерватындағы өртке қатысы бар қызметкерлер сотталды. ҚР Бас прокуратурасы  «Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесі қойылды деп хабарлады. 

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы (МОТР) өрттің ауыр зардаптар мен шығындарға әсер етуіне байланысты  бірқатар уәкілетті тұлғалар қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Резерваттағы Бас директордың міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директоры Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болғаны үшін кінәлі деп танылды. Олар 2024 жылғы мамыр айында әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды, сондай-ақ сотталғандар мен олардың адвокаттарының шағымдарын қанағаттандырмады.

Басқа лауазымды тұлғаларға қатысты үкімдер

2024 жылғы қазан айында Семей қаласының №2 соты Резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің басшысын Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі) бойынша кінәлі деп танып, оны 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар, оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Сол жылдың қазан айында Бородулиха аудандық соты «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты да үкім шығарды. ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 2 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан шеттетілді.

Қылмыстық жауапкершіліктен бөлек, Бас прокуратура ұсынысымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, 2023 жылы 8 маусымда Қазақстанның Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерваты аумағында орман өртенді. Өрт тек табиғи ресурстарға ғана емес, адам өміріне де ауыр шығын әкелді. Маусым айының басында болған «Семей орманы» резерватындағы өрт бір аптада 60 мың гектарға тарап, 15 адам қаза болды, оның  14-і орман шаруашылығының қызметкері. 

Резерват аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы мен жауапты тұлғалардың салғырттығы апатқа негізгі себеп болды дейді.

 

Сурет: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Семей орманы» өрті Абай облысы орман шаруашылығының қызметкері резерват Төтенше жағдайлар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.