Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«АрселорМиттал» мүлкін жымқырғандарға қатысты іс қозғалды
Дария Ғұмар жаңалық 26/12/2025

«АрселорМиттал» мүлкін жымқырғандарға қатысты іс қозғалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Теміртау қаласында «АлбаСтройДор» компаниясының директоры Сергей Кимге «АрселорМиттал» мүлкін жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу деректеріне сәйкес, заңсыз әрекеттер салдарынан жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.

2015 жылы «АрселорМиттал Теміртау» мен «АлбаСтройДор» компаниялары арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Артынша Ким зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған. Ұрланған мүлікті шығару үшін қылмыстық схемаға «Күзет» ЖШС-і тартылып, оның қызметкерлері автокөліктердің бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.

Ұрланған өнім Сергей Кимнің бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» және «ЦентрОптСнаб» компаниялары арқылы заңдастырылған. Күдікті Ким екі ай мерзімге қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2021 жылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 1 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. 2022 жылдың маусым айында «АрселорМиттал Теміртау» еншілес кәсіпорны «Құрылысмет» металлургиялық комбинатында төрт адам қаза тапты. 

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 АрселорМиттал Сергей Ким Теміртау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.