Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 11 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Air Astana соттан оралдық тұрғынға төлеуге тиіс моральдық өтемақы мөлшерін азайтуды сұрап отыр
Наргиза Ерес sarapshy.info 12/12/2024

Air Astana соттан оралдық тұрғынға төлеуге тиіс моральдық өтемақы мөлшерін азайтуды сұрап отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Air Astana әуе компаниясы Зере есімді қыздың «Астана-Орал» рейсіне жіберілмегені үшін тағайындалған 5 млн теңге моральдық өтемақыны 1,5 млн теңгеге дейін азайтуды сұрады. Бұл туралы адвокат Данильхан Шағатаев телеграм каналында жазды.

Бұған дейін сот Air Astana әуе компаниясын Зеренің анасына 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген. Сондай-ақ, компанияға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Рейсті болдырмау, кешіктіру немесе бағытты өзгерту кезінде жолаушыға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде орындамау» туралы бабы бойынша 1000 АЕК (3,063 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Air Astana бұл соманы әділ және жеткілікті деп санап, өтемақыны 1,5 млн теңгеге дейін төмендетуді сұрап отыр.

Оқиға неден басталды?

20 шілдеде Зере мен Зәуре есімді қыздар Америкадан елге бір топ баламен оралған. Олар саяхаттан келе жатқан еді. Қыздар Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені FlyArystan компаниясы бортқа кіргізбей, әуежайда 12 жасар қызды жалғыз тастап кеткен.

Орал қаласының тұрғыны, екі қыздың анасы Жазира Мусина оқиғаның мән-жайын өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері Зәурені тіркеп, Зере тіркелмеді. Сонымен бірге FlyArystan қызметкерлері балаларға жауапты сенімді өкілге техникалық ақауларды жойғаннан кейін Зерені өзіміз отырғызамыз деп сендіріп, бортқа мінуін сұраған. Олар сенімді өкілді алдап, баланы жалғыз қалдырды. Балаларымның құжаттары түгел еді, онымен ешқандай проблема болмаған. Сөйтсе бортта орын жоқ депті. Сонда үлкендердің мүддесі балалардың мүдделерінен жоғары ма? Менің қызым қатты қорқып қалды, өйткені жанында ешкім жоқ. Елестетіп көріңізші,кішкентай қыз бөтен әуежайда, басқа қалада жалғыз өзі қалды. Әуекомпания мұндайға қалай жол берді?», – деді Жазира.

Сол сәтте Оралда болған ана баласы үшін алаңдап, компанияға қоңырау шалған. Олар тек рейс келесі күнге бар екенін айтып, баланы қонақ үйге орналастыруға кеңес берген. Бірақ қыздардың анасы жалғыз өзін қонақ үйге жіберуге қарсы болған. Зере келесі күні басқа рейспен ұшып келген.

«Күні кеше адвокатымыз Астана әуежайында болып, оған тіркеу үстелінің жанында қызымның үш сағат бойы жылап тұрған бейне жазбасын көрсетті. Басқа қалада 12 жастағы балам жалғыз өзі әуежайда сабылып, маған «мама, мен не істеймін, қайда барамын» деп жылағанын есту қалай әсер еткенін елестетіңізші», — дейді Жазира Мусин.

FlyArystan компаниясы жағдайды қалай түсіндірді?

Air Astana еншілес компаниясы FlyArystan жағдайға салқынқанды қарап, кең ұшақтың аз орынды ұшаққа ауысқанын хабарлаған. Нақтырақ айтқанда, әуе компаниясы сотта 188 орындық ұшақтан 180 орындық ұшаққа ауыстырғанын мәлімдеген.

«Кең ұшақ аз орынды ұшақпен ауыстырылған. Содан соң әуекомпания қызметкерлері жолаушылардан Зереге орын беруді сұрап, ол үшін өтемақы төлеуді ұсынды. Бірақ ешқандай жолаушы орын беруге келіскен жоқ», – деп мәлімдеген әуе компания.

Компания басшысы қыздардың анасынан кешірім сұрап, өтемақы ретінде 4 млн теңге ұсынған. Бірақ Жазира Мусина сотқа жүгінген.

Жазира Мусинаның адвокаты Данильхан Шағатаев Зеренің анасы ұзақ уақыт әділдікке жету үшін күрескенін айтты. 

Бастапқыда олардың талаптары еленбеген, бірақ қоғамдық резонанс әсерінен іс сотқа жетіп, компания  5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелген.

Сурет: FlyArystan баспасөз қызметі

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Астана-Орал» рейсі 12 жасар қыз Air Astana әуе компаниясы FlyArystan Данильхан Шағатаев Зере мен Зәуре моральдық өтемақы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем жаңалықтары

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025
жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
жаңалық

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

10/07/2025

Жаңа мақалалар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Сарапшы пікірі 10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

жаңалық 10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

Подкаст 10/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

10/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.