Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?
Нұртай Текебаев Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Америкадан ғалымдар де кете бастауы мүмкін. АҚШ президенті Донльд Трамптың саясаты ғылым саласында жүргендерді тығырыққа тіреді. Осыған байланысты Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Трамп саясатын сынап, ғалымдарды Еуропаға қоныс аударуға шақырды.

«Ғылымда төлқұжат, жыныс, ұлт, саяси партия жоқ дегенге бәріміз де келісеміз ғой. Әралуандық – адамзаттың қазынасы және ғылымның қан тамыры деп есептейміз. Бұл – ең құнды жаһандық игіліктердің бірі және оны қорғау керек», – деді  Урсула фон дер Ляйен.

Euronews ақпараты бойынша Трамп билікке келгелі федеральды бюджетті қысқартуға көшкен. Президент ғылыми қауымдастыққа, зерттеу институттарына және медицина орталықтарына грант есебінде бөлінетін миллиардтаған долларды бюджетке қайтару керек деп шешті. Қазіргі уақытта климаттың өзгеруі, қатерлі ісік, Альцгеймер ауруы және АИТВ-ның алдын алумен күресуге бағытталған бағдарламалар тоқырап жатыр.

«Жаңа өтінішінде Трамп Конгрестен Ұлттық денсаулық институты (NIH) шығынының 37 пайызын, ал Ұлттық ғылым қоры бюджетінің (NSF) 50 пайыздан астамын қысқартуды сұрады», — деп жазды Euronews.

Урсула фон дер Ляйен мен Францияның президенті Эмманюэль Макрон жаңа бағдарламаның іске қосылғанының хабарлады. DW басылымының дерегінше шетел ғалымдарын тарту үшін Еуропа одағы 500 млн евро бөлмек. Үшжылдық бағдарлама әсіресе АҚШ-тан келетін ғалымдарды қабылдауға мүмкіндік береді.

фото: Gonzalo Fuentes/AP

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
АҚШ ғалымдар рейтингі Дональд Трамп Еуроодақ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем жаңалықтары

Гонконгта 128 адам өрттен қаза тапты

28/11/2025
жаңалық

БАӘ компаниясы Лукойл үлесін сатып алуы мүмкін

24/11/2025
жаңалық

Трамп Ресеймен сауда жасайтын елдерге жаңа санкция пакетін әзірлеп жатыр

17/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.