Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Ауылдар ауыз суға жарымай келеді». Депутат Су ресурстары министрлігін сынады
Наргиза Ерес жаңалық 26/02/2025

«Ауылдар ауыз суға жарымай келеді». Депутат Су ресурстары министрлігін сынады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елімізде әлі күнге дейін ауыз су келмеген елді мекендер бар. 26 ақпанда Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Су ресурстары және ирригация министрлігін сынға алды. Осы министрлікке қарасты «байырғы жобалардың жыры бітпей келеді» деді ол.

Депутат Ұлытау облысындағы Есқұла топтық су құбырының құрылысы 2008 жылдан бері аяқталмағанын айтты.

«Ұлытау облысының орталығын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы Есқұла топтық су құбырының құрылысы жоспарланып, 2013 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда, құрылыс 17 жылдан бері созылып, әлі күнге дейін толық аяқталмаған. Алайда әлі аяқталған жоқ», — деді депутат.

Депутаттың айтуынша, халық қазір тұтынып отырған ауыз судың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына жиі шағымданады. Одан бөлек жобалар жылдан жылға созылған сайын, құны да қымбаттай беретінін айтады.

«Қызылорда облысының Ақбасты, Тоқабай және Абай ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 11 жыл бұрын басталған «Талап» топтық су құбырынфң жобасы әлі аяқталған жоқ. Тоқабайдағы жобаның бастапқы құны 3 миллиард теңгеден басталып, 9 миллиард теңгеге дейін өсті», —дейді.

Мархабат Жайымбетов Президент Тоқаевтың 2025 жылы Қазақстан халқын 100% таза ауыз сумен қамту жоспары орындалатынына күмәнданады. Себебі Солтүстік Қазақстан облысындағы Соколов топтық су құбырын реконструкциялау жобасы 2018 жылы басталып, әлі күнге дейін аяқталмаған. Жоспар бойынша, жоба 2026 жылы толықтай аяқталады деп айтылған. Бұл жобаны жүзеге асыруға миллиардтаған қаражат бөлінген.

2025 жылдың ақпан айында «Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарған еді.

Жезқазған тұрғындары суды Кеңгір ашық су қоймасынан ішіп отыр.  Арнайы гидроцех ескі технологиясы арқылы тазартылғанымен, оның сапасы төмен дейді тұтынушылар.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2023 жылдың қазан айында 2025 жылға қарай 41 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететінін айтқан еді. 

 

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Қазақмыс» корпорациясы ауыз су Есқұла топтық су құбыры Кеңгір су қоймасы Су ресурстары және ирригация министрлігі таза ауыз су Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.