Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елдегі әр алтыншы адам еңбек келісімшартынсыз жұмыс істейді
Наргиза Ерес sarapshy.info 20/01/2025

Елдегі әр алтыншы адам еңбек келісімшартынсыз жұмыс істейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда әр алтыншы адам ресми еңбек келісімшартынсыз жұмыс істейді. Бұл туралы Ranking.kz редакциясы Adam Research компаниясының әлеуметтік зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.  

Сауалнама нәтижесі бойынша, бейресми жұмыс істейтін азаматтардың 36,7%-ы 34 жасқа дейінгі жастар. Олардың көбінде жалпы білім (28,2%) мен орта кәсіби білімі (19,1%) бар. Ал жоғары білімі бар жұмысшылардың үлесі – 10,9%.

«Бейресми жұмыспен қамтылғандар көбінесе негізгі білім мен арнайы мамандықты қажет етпейтін салаларда жұмыс істейді, мысалы, құрылыс, қоғамдық тамақтану, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында. Респонденттердің төрттен бірін, яки 24,9%-ын, бейресми жұмыс істейтін және үш жылдан бері ауылда тұрып жатқан адамдарды ішкі мигранттар қатарына жатқызуға болады.

Респонденттердің көбі жеке табысының аз екенін көрсеткен. Олардың 20,8%-ы 100 мың теңгеге дейін, 23,1%-ы 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін табыс табатынын айтқан. Қазақстандағы ең төменгі жалақы өткен жылы 85 мың теңге, ал негізгі орташа жалақы үшінші тоқсанда 390,3 мың теңге болғанын ескере отырып, бейресми жұмысшылардың табысы салыстырмалы түрде төмен екенін байқауға болады.

Сондай-ақ сауалнама нәтижесі ресми келісімшартсыз жұмыс істейтіндердің көбі аз қамтылған отбасылардан екенін көрсеткен. Олардың  отбасыларындағы жалпы табыс бойынша 26,9%-ы айына 100 мың теңгеге дейін табыс табады, ал 20,8%-ы 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін табады. Сонымен қатар, 61,9%-ының айлығы үнемдеуге мүмкіндік бермейді, бұл олардың тұрмыстық жағдайының қиын екенін көрсетеді.

 

Сурет: zakon.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Adam Research ауыл шаруашылығы салалары бейресми жұмыспен қамтылғандар еңбек келісімшартынсыз ішкі мигранттар қоғамдық тамақтану құрылыс Респондент сауда Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.