Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»2024 жылы инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында тіркелді
Наргиза Ерес sarapshy.info 17/01/2025

2024 жылы инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында тіркелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылдың соңғы айында елде жылдық инфляция 8,6%-ға өскен. Қараша айында бұл көрсеткіш 8,4% болды. Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляцияның қарқынды өскені 10 өңірде байқалған, 9 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалған.

Инфляцияның ең жоғары көрсеткіші Астана қаласында тіркелген. Желтоқсандағы есеп бойынша азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 5,5%-ға дейін өскен (қарашада – 5,4%). Азық-түлік бағасы Жетісу облысында шарықтады (7,9%), ал Түркістан облысында (3,0%) төмендеді.

Қазақстанда азық-түлік тауарларына қатысты жылдық инфляция көрсеткіші Жетісу (7,9%), Ақмола (7,2%) облыстарында, Алматы қаласында (6,8%), Батыс Қазақстан (6,6%), Абай (6,5%), Қарағанды (6,4%), Маңғыстау, Шығыс Қазақстан (6,1%-дан), Атырау, Солтүстік Қазақстан (5,9%-дан), Ақтөбе (5,8%) облыстарында елдегі деңгейден (ж/ж 5,5%) жоғары..

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны жылдан жылға 8,3%-ға дейін үдеді (қарашада – 8,0%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,3%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы Түркістан (13,2%), Маңғыстау (12,4%), Солтүстік Қазақстан (10,0%), Атырау (9,3%), Шығыс Қазақстан (9,2%), Ұлытау (8,8%), Қарағанды (8,7%) облыстарында, Шымкент қаласында (8,7%), Ақмола (8,6%), Абай (8,5%), Қызылорда (8,4%) облыстарында елдегіден (ж/ж 8,3%) жоғары өсті. 

Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,3% болған, бұл бұрынғы көрсеткішпен бірдей. Сонымен қатар баға Астана қаласында (16,9%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.

Ақылы көрсетілетін қызмет бағасы мына өңірлерде: Астана қаласында (16,9%), Павлодар (14,5%), Ақтөбе (14,4%), Қарағанды (14,1%), Қызылорда (13,8%), Ақмола және Батыс Қазақстан (13,7%- дан) өңірлерінде, Алматы қаласында (13,6%), Жетісу (13,5%) және Солтүстік Қазақстанда (13,4%) жалпы республикалық деңгейден (ж/ж 13,3%) жоғары өсті.

Желтоқсанда ел төңірегінде айлық инфляция 0,9%-ға өсті, бұл – бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы желтоқсанда – 0,7%).

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Азық-түлік бағасының өсуі азық-түлік инфляциясы Азық-түлікке жатпайтын тауарлар Жылдық инфляция Инфляция
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.