Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Бакуден ұшып Ақтауға құлаған ұшақ апатына қатысты не белгілі болды?
Наргиза Ерес Әлем жаңалықтары 26/12/2024

Бакуден ұшып Ақтауға құлаған ұшақ апатына қатысты не белгілі болды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтау маңындағы ұшақ апатынан кейін авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.

«Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралардың шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек», — деп мәлімдеді.

Сурет: primeminister.kz

 Бразилиядан авиация сарапшылары келеді

Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Бразилияның авиациялық орталығы (CENIPA) мен Embraer 190 компаниясы өкілдерінің келуін күтіп отыр. Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қазақстанға Әзербайжан Республикасының санитарлық авиация бригадасы мен Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді.

Ұшақ апатын тергеу бойынша комиссия құрылды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Үкімет ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді. Сондай-ақ, қайтыс болған шетелдік азаматтардың жақындары Маңғыстау облысына келген жағдайда оларға да көмек ұсынылады.

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақтауда құлаған ұшақтың конструкциялары бөлшектелуде

Ақтаудағы құлаған ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмысы жүріп жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, апат орнына 492 адам, 102 техника, 2 ұшақ, 10 кинологиялық топ жұмылдырылды. Атқарушы топтың ішінде Әзербайжан ТЖМ қызметкерлері де бар.

Апаттан зардап шеккендердің туыстарына психологтар қолдау көрсетеді. Қазірге дейін жедел желіге 1 063 өтініш түскен.

Жағдайға қатысты соңғы мәліметтер бойынша кеше авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам жеткізілді. Оның ішінде кәмелетке толмаған 3 бала бар. Оқиға орнынан табылған 38 мәйіт медициналық сараптама орталығына жіберілген. Олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты.

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Ресей ұшағы ауруханада жатқан 9 азаматын алып кетті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтау маңында құлаған ұшақтан зардап шеккен жолаушылардың хал-жағдайын мәлімдеді. Тірі қалған 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасында ем алып жатыр.

«26 желтоқсан күні таңертең 11 пациент реанимация бөлімшесінде, 13-і – травматология бөлімшесінде, 2-еуі – нейрохирургия бөлімшесінде, 1-еуі – хирургия бөлімшесінде ем алды. Пациенттердің жағдайы бойынша: екеуі аса ауыр жағдайда, 11 ауыр жағдайда, 14 – орташа ауырлық дәрежесінде, 2 пациенттің  шағымы жоқ, қанағаттанарлық жағдайда. 11 пациенттің сегізі өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр және дәрілік седация, тониктер қабылдауда», — деп жазылған министрлік хабарламасында.

Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағымен екі реаниматолог, төрт травматолог, нейрохирург және комбустиолог жіберілген еді.

Министрлік ұсынған мәліметте бүгін, 26 желтоқсанда РФ Апаттар медицинасының бортымен Ақтаудан Мәскеуге тоғыз Ресей азаматы қайтарылды. Оның біреуі — бала.

Ұшақ апатынан қаза болған Қазақстан азаматтарының тізімі:

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қайтыс болған Қазақстан азаматтарының тізімін жариялады. Оның біреуі – бала.

  1. Төлесінов Сәндібек Екібайұлы – 16.11.1988 ж.т.

Туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны

  1. Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы – 30.09.1985 ж.т.

Туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны

  1. Махсудова Галина Растамбековна – 01.1978 ж.т.

Туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны

  1. Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы – 17.07.1975 ж.т.

Туған жері: Алматы қаласы, Астана қаласының тұрғыны

  1. Жұмағат Эльдар – 23.08.2013 ж.т.

Туған жері: Астана қаласының тұрғыны

  1. Джутаева Салима Аманжолқызы – 02.1995 ж.т.

Туған жері: Қостанай облысы,  Қарағанды қаласының тұрғыны

Оқиғаның мән-жайы

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні, сағат 11.30-да Ақтау қаласының маңында жолаушылар ұшағы құлады. Azerbaijan Airlines  әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Баку-Грозный № J2-8243 рейсін орындау кезінде Ақтау қаласынан 3 шақырым қашықтықта құлаған. Салдарынан ұшақтың корпусы екіге бөлініп, олар бір-бірінен 300 метр қашықтықта жатқан.

 11.35-те құтқарушылар келіп, сағат 12.05-те өрт толық сөндірілді. Апат ауданы 4 200 шаршы метрді алды. Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Ұшақ бортына оқ тиген болуы мүмкін деген нұсқа кеңінен таралып жатыр. Бірақ Қазақстан тарапы мұның жай болжам екенін, тергеу аяқталған соң ғана апаттың нақты себебі белгілі болатынын мәлімдеді.

Қазақстанда Air Astana әуе компаниясы Embraer 190 ұшақтарын пайдаланған. Бірақ кейін техникалық ақауға байланысты 2020 жылы осы әуе көліктерінен бас тартқан.

Сурет: ҚР Төтенше жағдай министрлігі

Алғашқы көмек көрсеткендер – энергетиктер

Ұшақ құлаған сәтте апат орнына бірінші төтенше жағайлар қызметінің мамандары емес, қарапайым жұмысшылар барған. Олар «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» Сайын Шапағатов ауылындағы қосалқы стансасының қызметкерлері. Оқиға орнына жақын маңда жұмыс істейтін қызметкерлер жедел жәрдем мен құтқарушылар келгенше 10-15 адамды шығарып алған. Қазір бұл аймақты полиция күзетіп тұр.

26 желтоқсан – Әзербайжанда қаралы күн

Әзербайжан Республика президенті Ильхам Әлиев 26 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды.

Сондай-ақ Azerbaijan Airlines Баку – Грозный – Баку және Баку – Махачкала – Баку бағыттары бойынша рейстерді қысқы кесте аяқталғанға дейін тоқтатады.

Аталған бағыттар бойынша билеттердің ақшасын толық қайтару немесе сапар күнін айыппұлсыз өзгерту мүмкіндігі бар.

Сурет авторы: Азамат Сарсенбаев

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.