Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БЖЗҚ-дан тұрғын үй мен емделу мақсатында қаражат алу белсенділігі қайта өсті
Наргиза Ерес sarapshy.info 05/12/2024

БЖЗҚ-дан тұрғын үй мен емделу мақсатында қаражат алу белсенділігі қайта өсті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Халықтың БЖЗҚ-дан қаражат алу белсенділігі тағы да артты. Негізгі себептің бірі – зейнетақы жүйесіне байланысты жаңалықтар мен ықтимал реформалар туралы талқылаулардың қайта күшеюі. Бұл деректі Data HUB аналитикалық арнасы хабарлады.

Елде тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қараша айында 56,6 мың өтініш қабылданып, 46,3 миллиард теңге берілген. Бұл қазан айына қарағанда шамамен 25%-ға артық.

Ал емделу үшін қаражатқа өтініш бергендер сандары 20,8 мың, нәтижесінде 20,5 миллиард теңге бөлінген. Өтініш саны қазанға қарағанда 58%-ға, ал берілген қаражат көлемі 55%-ға артты.

Неліктен белсенділік өсті?

“Тұрғын үй мен емделу мақсатында қаражат алу шілдеден бастап белсенді жүре бастады. Дәл сол уақытта болашақта зейнетақы қорынан қаражат алуға шектеу қою мүмкіндігі туралы қоғамдық талқылау басталған еді. Сол кезде шілдедегі көрсеткіштер – өтініштер саны да, қаражат көлемі де – жылдың алғашқы жартысындағы орташа көрсеткіштерден екі есеге жоғары болды” — делінген хабарламада.

Ал қараша айындағы белсенілікті авторлар былай түсіндіреді: 

“Зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізу туралы тағы да мәлімдемелер болды. Еңбек министрі Светлана Жақыпованың ұсынысы қоғамда талқылау туғызды. Ұсыныстың мәні – жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерге мемлекеттік төлемдерді тоқтата тұру арқылы, бұл қаражатты ерте зейнетке шыққысы келетіндерге бағыттау” — делінген.

Кейіннен министр Светлана Жақыпова бастапқыда мемлекеттік төлемдерді тоқтату туралы идеяны ұсынғанымен, бұл тек талқылау деңгейінде екенін айтты.

Нәтижесінде, жаңа реформалар туралы жаңалықтар халықты «қазір алып үлгеру керек» деген ойға итермеледі. Бұл әсіресе емделу мақсатындағы өтініштердің күрт өсуіне әкелді. Тұрғын үй үшін қаражат алуға да сұраныс азаймай отыр.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
БЖЗҚ емделу үшін қаражат алу Еңбек министрі өтініш Светлана Жақыпова тұрғын үй жағдайын жақсарту
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.