Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Маңғыстаудағы «Каспий» футбол клубының басшысы 27 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
Наргиза Ерес sarapshy.info 04/12/2024

Маңғыстаудағы «Каспий» футбол клубының басшысы 27 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Прьемер-лигасында ойнайтын Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.

Клубтың бұрынғы басшысы екі танысымен бірігіп, күш қолдану арқылы клубтың өзге қызметкерлерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген. Оған қоса, 15 млн теңге қорқытып алуға әрекет жасаған. Облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп осы фактіні тергеу барысында анықтаған.

3 желтоқсан футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді. Басқа мәліметтер әзірге тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін мәлімдеді прокуратура.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеді. Агенттіктің хабарлауынша, спорттық ұйымдар спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған деп мәлімдейді. Мысалы, ең қымбат «Астана» ФК-да (2018-2023 жылдары 50 млрд теңге, құрылтайшысы – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қазспортинвест» АҚ «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры және ҰОК) өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымы жоқ. 6 жыл ішінде (2018-2023 жылдары) клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 млрд теңге жұмсаған.

Өзге футбол клубтарындағы заң бұзушылықтар

2024 жылы 20 тамызда Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловты 5,5 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз кәсіби футбол клубы – «Ақжайық». Футбол клубы үшін 2024 жылы мемлекет 400 миллион теңге бөлген еді, алайда ол қаражатты су тасқынының шығындарын жабуға бағыттады, нәтижесінде клуб мемлекеттік қаржыландырусыз қалды. 2024 жылы ақпан айында стадион басшысы Оралбай Жақсымбетов 57 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

 Сурет: kpl.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Астана» ФК «Каспий» футбол клубы Ақжайық футбол клубы БҚО-дағы жемқорлық деректері жемқорлық легионерлер Маңғыстау облысының прокуратурасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.