Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жыл басталғалы Қазақстанда өрт салдарынан 213 адам көз жұмды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 15/10/2024

Жыл басталғалы Қазақстанда өрт салдарынан 213 адам көз жұмды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығып, 300-ден астам адам қаза табады. Өрт көп жағдайда тұрғын үй секторында болады.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, қазан айында жылыту кезеңі басталысымен тұрғын үйлерде 100-ден астам өрт тіркеліп, 17 адам қаза тапқан. Сонымен қатар 13 адам жарақат алды.

«Жыл басынан бері сегіз мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза болса, 213 адам жарақат алды», — деді ол.

Сондай-ақ ТЖМ өкілі жылыту маусымындағы негізгі заң бұзушылықтарды атады.

Оның айтуынша, өткен жылыту маусымдарының тәжірибесіне сүйене отырып, профилактикалық жұмыстармен автономды жылыту жүйелерімен байланысты жазатайым оқиғалар қаупі бар тұрғын үйлер қамтылады. Қазірге дейін мамандар 220 мыңнан астам үйді аралап, 580 мыңға жуық адамға нұсқау берілген.

«Тұрғын үй секторында анықталған заң бұзушылықтар бірдей. Бұған тазартылмаған мұржалар, ақауы бар электр желілері және жылыту пештерін айтуға болады», — деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар жылыту маусымында халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Бұл ретте Қанат Доспаев өрт датчиктерін орнатудың тиімділігін атап өтті.

2016-2024 жылдардағы жылыту кезеңдерінде датчиктер 245 адамның өмірін сақтауға көмектескен. Осы жылдың 1 маусымынан бастап үйлерге сегіз мың өрт датчигі орнатылған.

Төтеншелік ақауы бар пештер, тазартылмаған мұржалар – өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі екенін де атап өтті.

«Біз тұрғындарға мұржаларды айына бір рет, жылыту маусымы кезінде үш рет тазалауды ұсынамыз», — деді Қанат Доспаев.

Өрт елдің қай облысында жиі болады?

Өрт оқиғаларының көбеюі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы мен Маңғыстау облыстарында жиі байқалды.

Сонымен қатар қаза тапқандардың көпшілігі Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелген. Өрт кезінде 64 адамның мас күйде болғаны анықталды.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Жылыту маусымы Қанат Доспаев ҚР Өртке қарсы қызмет комитет ТЖМ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.