Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қазақмыс» қызметкерлері қымбат металдарды ұрлау кезінде ұсталды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 02/10/2024

«Қазақмыс» қызметкерлері қымбат металдарды ұрлау кезінде ұсталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ішкі істер министрлігі Ұлытау облысында қылмыстық топтардың құрықталғанын хабарлады.

– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, қымбат металл қорытпаларын ұрлауды жолға қойған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Топқа аталған кәсіпорынның қызметкерлері де кірген. Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 млн теңге өнімін ұрлау кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — деп хабарлады Ішкі істер министрлігінен.

Сондай-ақ полиция 2022 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған тағы бір топ мүшелерін ұстады. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерге алдап алып келіп, физикалық күш қолданып, қару-жарақпен қорқыту арқылы ақша талап еткен.

«Сонымен қатар 2018 жылы болған жергілікті тұрғынды өлтіруге оқталу әрекеті әшкереленді. Жергілікті криминалитеттен құралған қылмыстық топ анықталды. Оған қатысушылар қазіргі уақытта басқа қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Кісі өлтіруге оқталу әрекеті жасалған тапанша тәркіленді.

Көрсетілген фактілер бойынша барлығы 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. 20-дан астам тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде бес атыс қаруы, оқ-дәрілер, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өңірлерде қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеу жұмысы жалғасып жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Еске салсақ, көктемде «Қазақмыс» компаниясының бөлім басшысы ұсталған еді. Оған Қарағанды облысында қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен тергеу жүргізілген.

Сондай-ақ жазда «Қазақмыстан» металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. ІІМ-нің ресми мәліметінде жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар болуы мүмкін екендігі айтылды.

«Қазақмыс» корпорациясы — Қазақстанның алдыңғы қатарлы тау-кен және металлургия компаниясы. Компаниясының иелері – кәсіпкерлер Владимир Ким мен Эдуард Огай. Олар «Kazakhmys Copper» АҚ арқылы «Қазақмыс корпорациясының» 69,37% және 29,73% үлесіне иелік етеді.

Компанияның құрамында 10 кеніш, бес тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар.

Сурет: «Қазақмыс» компаниялар тобының ресми парақшасынан

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Қазақмыс» корпорациясы 2024 Ішкі істер министрлігі Қуандық Алпыс Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі Ұлытау облысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.