Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде 2030 жылға қарай мұнай өндірісі 100 млн тоннаға жетуі мүмкін
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 25/09/2024

Елімізде 2030 жылға қарай мұнай өндірісі 100 млн тоннаға жетуі мүмкін

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда 2030 жылға қарай мұнай өндірісі 100 млн тоннаға жеткізіледі. Бұл жөнінде Алматыда өтіп жатқан KIOGE конференциясында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Министрдің сөзіне сүйенсек, 2023 жылы Қазақстанның мұнай өндіруі 90 миллион тоннаға жетті. Ал жылы мұнай экспорты 70,5 миллион тоннаны құрады.

«Қазіргі мақсат – 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына 100 миллион тоннаға (шамамен 730 миллион баррель) жеткізу. Табиғи газ өндіруге келетін болсақ, 2023 жылы бұл көрсеткіш 59,1 миллиард текше метрге жетсе, 2030 жылға қарай 90,7 миллиард текшеге арттыру көзделіп отыр», — дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай мен газ өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі.

Биылғы төрт ай қорытындысында мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 213,1 мың тоннаны құраған. Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады.

Сондай-ақ салада 2029 жылға дейін шамамен $14,3 млрд-қа бес ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Аталған жобаларды іске асыру экономиканың жыл сайынғы өсімін 1,5%-ға жеткізіп, 20 мыңға жуық жұмыс орнын, оның ішінде құрылыс кезеңінде 17 мың және пайдалану кезеңінде 3 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осы жылдың өзінде қуаты 340 мың тоннаға дейін бутадиенді және оның туындыларын өндіру жөніндегі жобаның құрылысы басталады.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 KIOGE конференциясы Алматы Қазақстанның мұнай өндіруі Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.