Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттеледі
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 19/09/2024

Қазақстанда барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттеледі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Сенат мопедтерді тіркеу мен көлік жылдамдығын бақылауға арналған жаңа заңды мақұлдады.

ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заңның мақсаты – жолдағы көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Енді Қазақстанда мопедтер мемлекеттік тіркеуден өтіп, ал оның иелері жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі.

Құжатқа сәйкес, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын мопедтер тіркелетін болады.

Мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, сонымен бірге «А» және «В» санаттары бар азаматтар да мопед басқаруға құқылы.

Сондай-ақ көлік құралдарына техникалық байқауды жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды.

Тиісті норма заң қабылданған кезден бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Биылғы сегіз айда мопед кесірінен 48 адам көз жұмды

Қазақстанда қазір 80 мыңнан аса мопед бар. Бұл жөнінде Сенаттың жалпы отырысында жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелеріне арналған заңды бірінші оқылымда талқылау кезінде Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Қазір «Сергек» және басқа да бейнебақылау камералары арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау қиын. Мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Осыны пайдаланып, олар әдейі жол ережесін бұзады. Ішкі істер министрлігі дерегіне сүйенсек, елде 80 мыңнан аса мопед бар. Қазір оларды тіркеу міндетті емес. Былтыр 12 айда мопедтердің қатысуымен 750 көлік апаты тіркеліп, 39 адам қаза тапты. Сонымен бірге 730 адам жараланды», — деді ол.

Ішкі істер министрі орынбасарының айтуынша, биыл сегіз ай ішінде мопедтердің қатысуымен 962 көлік апаты тіркелген. Салдарынан 48 адам көз жұмып, 1 024 адам жараланды.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Қазақ елі ҚР Парламентінің депутаттары Мопед туралы заң жобасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.