Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Оралда Telegram арқылы вейп саудасы қызып тұр
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 16/09/2024

Оралда Telegram арқылы вейп саудасы қызып тұр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласында полицейлер 1 099 вейп және оған арналған 1 300 сұйықтық тәркіледі.

ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру тобы «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Telegram мессенджері арқылы вейп және оларға арналған сұйықтықты таратумен айналысқан 25 жастағы  Орал қаласының тұрғынын ұстады.

«Ол вейптерді курьер арқылы жеткізген. Вейп қоймасы қаладағы алкомаркеттердің бірінен табылды. Тексеру кезінде одан 1 099 вейп және 1 300 сұйықтық табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың құны 10 млн теңгеден асады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар полицейлер сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан облыс орталығының екі тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде 10 электронды темекі және бір қорап шегілетін сұйықтық табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Telegram-канал арқылы тыйым салынған электронды темекілерді заңсыз сатумен айналысқан такси жүргізушісін ұстады. Одан сегіз электронды темекі тәркіленді.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айтып өтелік, шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу туралы Заң күшіне енген күннен бастап, БҚО-да 1 200 вейп пен 1 500-ден астам сұйықтық тәркіленген.

Елімізде жаздың басында электронды темекіге заңды түрде қатаң тыйым салынды. Электронды темекі айналымына кешенді шектеулер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңартылған заң күшіне енді.

Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынды.

Электронды темекі сату 2006 жылы басталып, кейін оның құрамында тек никотин болған. Ал 2017 жылы вейп деп аталатын хош иістендіргіш электронды темекілер шығарыла бастаған.

Сарапшылар электронды темекі өкпені туберкулез дертімен тең дәрежеде зақымдайтынын айтады. Вейпті тұтыну 10 жылдан кейін өкпе ауруымен ауыратын науқастардың көп болуына әкеледі. ДДҰ-ның мәліметінше, 33 мемлекетте электронды темекі сатуға тыйым салынған.

79 ел бұл өнімді қоғамдық орындарда тұтынуға, жарнамалауға, дамытуға, аталған өнімдерге демеушілік жасауға тыйым салған.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2024 БҚО Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру тобы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.