Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында 4000-нан адамда жүрек-қан тамыры ауруы тіркелген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Айнаш Губайдуллина хабарлады.
Науқастардың 60%-дан астамында жедел коронарлық синдром, ал 20%-ында жүрек жеткіліксіздігі анықталған.
Басқарма мәліметінше, қазір коронарография мен стенттеу оталары қалалық көпбейінді ауруханада жүргізіледі. Жедел коронарлық синдромы бар облыс тұрғандары реанимобильмен немесе санитариялық авиация арқылы орталыққа жеткізіледі.
Айта кетейік, жүректің ишемиялық ауруы көбінесе жіті коронарлық синдром арқылы көрінеді. Бұл – тұрақсыз стенокардия мен миокард инфарктісін қамтитын, адам өміріне қауіп төндіретін дерт.
фото: freepik.com

