Ақмола облысының Щучинск қаласындағы дәмханада жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Дәмхана иесі қамауға алынып, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні «Центр плова» дәмханасында газ баллоны жарылды. Жарылыстан зардап шеккендер медициналық тікұшақ арқылы Көкшетау қаласына жеткізілген.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

