28 ақпанда Ирандағы әскери қақтығыс пен әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстаннан Таяу Шығысқа ұшатын рейстер шегерілді. Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады.
Алматыдан Мединаға ұшатын KC263 рейсі, Алматыдан Дубайға бағыт алған KC897 рейсі, KC653 Алматы – Доха рейсі, сондай-ақ Астана мен Дубай арасындағы екі рейс әуежайларға кері қайтарылды.
6 наурызға дейін Air Astana компаниясына тиесілі әуе компанияларынан Жидда, Медина және Дубайға алынған билеттерді тегін қайтаруға болады.
Ирандағы саяси ахуалдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке ел тұрақтылығын сақтау үшін шұғыл шара қабылдауды тапсырды. Қазір Сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы жұмысын бастады.
фото: freepik.com

