Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 460-қа жетті: Қазақстандағы барлық мектеп тексеріледі
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 09/09/2024

Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 460-қа жетті: Қазақстандағы барлық мектеп тексеріледі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында балалардың улануынан кейін республикадағы барлық мектептің асханасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Алғашында Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында №8 мектептің оқушылары іш ауруы мен дене қызуына шағымданып, дәрігердің көмегіне жүгінген. Кейін алпысқа жуық оқушының астан уланғаны анықталды.

Аталған жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдерімен бірлескен арнайы штаб құрылды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Кейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы 67 баланың медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады.

Қазір 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды, екі бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты.

Бүгін Үкімет басшысы Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есебін тыңдады.

«Бір ай ішінде республикадағы барлық мектептің асханасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған», — деп хабарлады Үкіметтен.

Айта өтейік, оқиғаға байланысты тәулік бойы штаб жұмыс істеп тұр.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 ҚР Маңғыстауда уланған оқушылар Мұнайлы ауданы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.