2025 жылы отандық тауар өндірушілердің 1,4 млрд теңгеден астам шығыны мемлекет есебінен өтелді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
Былтыр 60 кәсіпорынның өтінімі қаралып, олардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарықта ілгерілетуге жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтелді.
Кәсіпорын иелері өнімді ішкі нарыққа шығару үшін сертификаттау, зертханалық сынақтар немесе аудит секілді шығындарын Qazindustry институты арқылы өтей алады.
Аталған кәсіпорындардың басым бөлігі Астана, Алматы, Шымкент, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Түркістанда орналасқан.
Салалар бойынша көмек көбінесе машина жасау, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорындарына көрсетілген.
фото: freepik.com

