2025 жылы пайдаланылмай жатқан және заңсыз алынған 2,1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
2022 жылдан елде бері құқық қорғау органдары мен жұртшылықтың қатысуымен Жерді тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссия жұмыс істеп келеді.
2022 жылдан комиссия бері барлығы 14,3 млн гектар жерді қайтарды, оның 12,5 млн гектары жайылымдық жерлер. Қайтарылған жер телімдерінің 7,7 млн-ы қайта бөлініп, 2,7 млн гектары ортақ мал жаюға берілді, ал 5 млн гектары конкурс арқылы ұсынылды.
Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Алматы облысында 15 жыл бұрын жеке меншікке берілген элиталы жер телімдері мемлекетке қайтарылды.
фото: freepik.com

