Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Украина дрон шабуылынан кейін Қазақстанның мұнай өндірісі 6%-ға төмендеді
Дария Ғұмар жаңалық 30/12/2025

Украина дрон шабуылынан кейін Қазақстанның мұнай өндірісі 6%-ға төмендеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Украинаның дрон шабуылынан кейін Қазақстанда мұнай өндірісі желтоқсан айында шамамен 6%-ға қысқарды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, 29 қарашада Каспий құбыр консорциумының Ресейдегі Қара теңіз жағалауында орналасқан «Южная Озереевка» мұнай терминалына жасалған дрон шабуылы Қазақстан мұнайының экспортына зақым келтірді.

Аталған терминал Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80%-ын қамтамасыз етеді. Соның салдарынан 1-28 желтоқсан аралығында Қазақстанның мұнай және газ конденсаты өндірісі тәулігіне 1,93 млн баррельге дейін төмендеген.

Ал Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы Теңіз кен орнында өндіріс 10%-ға қысқарып, тәулігіне 719,8 мың баррельді құрады.

Шабуылдан кейін CPC Blend маркалы мұнай экспорты соңғы 14 айдағы ең төменгі деңгейге түсті. Желтоқсан айында терминал арқылы Қазақстаннан экспорт көлемі қарашадағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 19%-ға азайып, тәулігіне 1,082 млн баррель жүктелді.

Экспорттың бір бөлігі Баку–Тбилиси–Жейхан құбырына бағытталды, ал Атырау–Самара бағытымен Ресей арқылы мұнай көлемі шамамен 25%-ға өсіп, тәулігіне 255,5 мың баррельге жетті.

Қазір терминал бір ғана айлақты қолданады, себебі екіншісі дрон шабуылынан кейін істен шыққан, ал үшіншісі техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша істемейді.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Каспий құбыр консорциумы Мұнай өндірісі Мұнай экспорты Украина дроны
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.