Жайық Шарабасов ҚР Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жайық Шарабасов 1980 жылы Орал қаласында дүниеге келді. Ол М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Уорик университетін тәмамдаған.
Ол әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі, президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде басшылық қызметте жұмыс істеді.
Жайық Шарабасовтың әкесі Серікқали Шарабасов 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, профессор, декан және проректор қызметін атқарған.
фото: primeminister.kz

