2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мектептерде, балабақшаларда, лагерьлерде және балаларға арналған өзге де ұйымдарда санитариялық бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жаңа тәртіп бойынша жоспарлы тексерулер екі санатқа бөлінеді. Жоғары қауіп санатындағы ұйымдар кем дегенде жарты жылда бір рет, ал қауіп деңгейі төмен санаттағы мекемелер жылына бір-ақ рет тексеріледі. Тексерілетін нысандардың тізімі ашық жарияланады.
Жаңа ереже аясында санитариялық дәрігерлердің өкілеттігі кеңейтіліп, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жүйелі бұзушылықтарды жоюды талап ете алады және тиісті нұсқамаларды жергілікті әрі мемлекеттік органдарға жолдай алады.
фото: freepik.com
Автор
-
Барлығын қарауМақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

