Батыс Қазақстан облысында жүргізілген тексеріс негізінде өңірдегі арыз-шағым ең көп түсетін ойын-сауық орындары анықталды. Бұл туралы жергілікті полиция департаменті хабарлады.
Құқық бұзушылық туралы хабарламалардың ең көбі “The Bar” түнгі клубынан (84), “Али” кафесінен (43) және “Central Karaoke” караоке барынан (30) түскен. Тізімде “Шок” кафесі (26), “Махаббат” және “Алғабас” кафелері (25) де бар. “Эльдивино” түнгі клубынан 24, “Скай” кафесінен 23, “Домбыра” мейрамханасынан 21 шағым түскен.
Сонымен қатар “Лас Вегас” және “Монреаль” түнгі клубтарынан 20, “Восточная сказка” және “Острые козырьки” кафелерінен 19, “Пинта” түнгі клубынан 18 және Чечил Паб түнгі клубынан 17 хабарлама тіркелген.
Полицияның мәліметінше, облыстағы 431 ойын-сауық орнынан биыл 1108 арыз келіп түскен. Бұның нәтижесінде 78 қылмыстық іс қозғалды: оның 28-і ұрлық, 26-сы қасақана жарақат келтіру, 13-і бұзақылық, 4-і тонау баптары бойынша.
Сондай-ақ түнгі клубтарда мүлікке залал келтіру, адам өлтіруге оқталу және алаяқтық деректері тіркелген.
фото: freepik.com

