Алматы облысының полициясы тұрғындардың шағымынан кейін көлік жолдарын қыс мезгіліне дер кезінде дайындамаған Талғар әкіміне айыппұл салды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Полиция департаментінің мәліметінше, Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы мен оның орынбасары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабы, 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 39 320 теңге айыппұл салынды.
Арыстанбек Әбілхайырұлы TikTok әлеуметтік желісінде өз жұмысының нәтижелерін бөлісіп отырады. Қазір оның 77,8 мың оқырманы бар.
Сондай-ақ, жол тазалауға жауапты мердігер ұйымдар да шарттық міндеттемелерін орындамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.
Тексеру барысында жолдар қар мен мұздан тазаланбағаны анықталды. Бұл көлік қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.
фото: istockphoto.com

