2025 жылдың қазан айында Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 4 743 заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Есепке сәйкес, бір айда мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 708 фактісі анықталған. Оның ішінде 75 жағдайда қару-жарақ пен оқ-дәрі, 531 рет жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай, 867 рет 4,2 млрд теңгеден астам сомаға тұтынушылық тауарлар және 235 рет 2,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы тәркіленді.
Каспий теңізінде 106 браконьерлік фактісі анықталып, 24 жүзу құралы, 136 шақырымнан асатын ау, 2,9 тонна бекіре тұқымдас балық және Қызыл кітапқа енген 4 итбалық тәркіленді.
Аталған деректер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жолданды.
фото: shutterstock

