Өткен аптада дрон шабуылынан зақымданған Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық Қарашығанақ кенішінен қайтадан газ қабылдай бастады. Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.
Министрдің айтуынша, зауыт газ қабылдауды біртіндеп қалпына келтіріп жатыр.
Министрдің айтуынша, зауыт газ қабылдауды біртіндеп қалпына келтіріп жатыр.
«Қазір Орынбор газ өңдеу зауыты 200 мың текше метрдей газды қабылдап жатыр», – деді Ақкенженов.
Дрон шабуылынан кейін Қарашығанақта да газ өндіру көлемі 25-30%-ға қысқарған болатын. Ақкенженовтың айтуынша, кеніштегі де газ өндіру көлемі жақын арада қалпына келтіріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қазанға қараған түні Ресейдің Орынбор және Самара облыстарына ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады.
Орынборда дрон соққысынан кейін газ өңдеу зауыты отқа оранды. Оқиға орнында жетіге жуық жарылыс болған.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

