«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер шаруашылық қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде қолдан жасалған атыс құрылғысын, екі аңшы мылтығын, екі шолақ мылтық, бірнеше түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 дана киік мүйізін тапқан.
Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс-шара кезінде облыс көлемінде барлығы 16 заңсыз қару табылған. Оның ішінде 10 аңшы мылтығы, 2 шолақ мылтық, 1 винтовка, 1 травматикалық қару және өзге екі қару бар.
Тұрғындардан тағы 164 оқ-дәрі тәркіленді: 7-еуі ойық ұңғылы, 157-сі тегіс ұңғылы қаруға арналған. Облыстық полиция департаменті заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 3 шілдесінде БҚО-да киік санын реттеу бойынша штаб киіктерді атуды бастады.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

