Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Соттағы алғашқы тәжірибе: БҚО-да зайыбына тіл тигізген адам қоғамдық жұмысқа тартылды
Редакция жаңалық 05/09/2025

Соттағы алғашқы тәжірибе: БҚО-да зайыбына тіл тигізген адам қоғамдық жұмысқа тартылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында жаңа жаза түрін – қоғамдық жұмыстарды қолдану туралы Қазақстандағы алғашқы шешім шығарылды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО соты баспасөз қызметінің дерегінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер күшіне енді. Бұған дейін аталмыш кодекстің 73-бабы 2-бөлігі тек қана баламасыз әкімшілік қамау түріндегі жазаны көздеген еді. Ал енді соңғы өзгерістерге сәйкес, балама ретінде қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін.

2025 жылы 4 қыркүйекте сот азаматқа кодекстің 73-бабы 2-бөлігі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыстар жазасын тағайындады. Сот талқысында құқық бұзушы мас күйінде зайыбына балағат сөздер айтып, отбасының тыныштығын бұзғаны белгілі болды. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанған.

«Жазаны тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды – тараптардың татуласуын, сондай-ақ құқық бұзушы мен жәбірленушінің қоғамдық жұмыстарды әділ жаза шарасы ретінде ерікті түрде қабылдағанын ескерді. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Заңгерлер бұл оқиғаны тарихи прецедент деп атап отыр, өйткені енді Оралдағы әкімшілік істер тек қана жазалаумен шектелмей, тәрбиелік сипатқа да ие болады», — деп хабарлады БҚО сотының баспасөз қызметі.

Фото: Pixabay.com

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
2025 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс БҚО БҚО соты Қоғамдық жұмыстар Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.