Оралдағы перзентханада ұрланған қыз 25 жылдан кейін әке-шешесімен қауышты. Бұл жөнінде ЕҚЫҰ-ның адам құқығы жөніндегі тренері Лейла Онлаш хабарлаған.
Осы іс бойынша тергеу басталғанын БҚО полиция департаменті растады:
«Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Істің барысын полиция департаментінің басшылығы бақылап отыр.
Қазіргі уақытта тергеу амалы жүргізілуде. Соның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында соңғы процестік шешім қабылданады».
Жергілікті ақпарат құралы таратқан дерек бойынша бұл оқиға 2000 жылы Орал қаласындағы №3 перзентханада болған. Үш күдіктіге қатысты іс қозғалды.
2024 жылы АҚШ-тан қыздың өзі қоңырау шалып, әке-шешесімен сөйлескен. Ата-анасы сәбиінің тірі екенін біліп, айран-асыр болған…
2025 жылы 28 тамыз күні бойжеткен Орал халықаралық әуежайында өз әулетімен кездесті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиғаның мән-жайы Sarapshy.info назарында болады. Кейбір мәліметтер жаңартылуы мүмкін.
фото: видеодан скриншот

