Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде жолаушы пойыздарының 42%-ы ескірген
Дария Ғұмар sarapshy.info 19/08/2025

Елімізде жолаушы пойыздарының 42%-ы ескірген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда 1967 локомотив парктерінің 52%-ы, 142 мың жүк вагондарының 54%-ы, 2672 жолаушы пойызының 42%-ы тозығына жеткен. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап Қазақстанда теміржол жүйесінің сапасын арттыру үшін бірқатар жоба жоспарланып отыр.

Биыл «Достық – Мойынты» және «Алматы айналма теміржолы»желілерінің құрылысы аяқталады. 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жол салу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Мемлекетаралық теміржол жүйесін дамыту да қолға алынған көрінеді. Шілдеден бастап Қытайға қатынайтын «Достық – Мойынты» желісіне жаңа пойыздар қосылды.

Ведомство басшысының сөзінше, транзиттік теміржол тасымалы халықаралық сауда бағыттарын дамытуға да әсерін тигізеді. Соңғы 10 жылда Қазақстанда транзит көлемі екі есеге өсіп, 2024 жылы 27,4 млн тоннаға жетті.

Көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес елімізде локомотивтердің жартысынан көбі ескірген, үкімет отырысында Сауранбаев бұл мәселенің шешімін ұсынды.

«Жаңарту бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алмақпыз. Локомотивтерді қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы жеткізеді», — деді ол.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов министрлікке барлық теміржол станцияларының реконструкция жұмыстарын тездетуді тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, биыл БҚО-да төрт вокзал жаңартылып жатыр. Олардың ішінде Орал, Қазақстан, Шыңғырлау және Жетібасты мар станциялары бар. 

Көлік министрлігі теміржол саласын цифрландыру үшін жасанды интеллектінің көмегіне жүгінеді, деп хабарлады Нұрлан Сауранбаев. Жасанды интеллект апаттың ықтимал қауіптерін және жолдар мен жылжымалы құрамның тозуын алдын ала есептей алады. 2025 жылдың шілдесінде елімізде Орталық Азиядағы суперкомпьютер іске қосылды. Қазір бұл құралды теміржол саласына қолдану жолдары қарастырылып жатыр.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
жолаушылар тасымалы Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚТЖ-Жүк тасымалы Локомотив Нұрлан Сауранбаев Суперкомпьютер Темір жол саласы ТЖ Үкімет отырысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

«Билетке сұраныс күшейгенде қолданылмайды» — ҚТЖ дисконт карталарды қызық шартпен ұсынды

02/02/2026
Біздің сараптама

Ауыл жолдарын жөндеу кідіре ме? Көлік министрі нені меңзеді?

31/01/2026
жаңалық

Көлік саласы: табыстың дені қай бағытқа тиесілі?

12/01/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.