Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 21 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Орал-Атырау жолын экс-депутат Амирханянның компаниясы жөндейді
Дария Ғұмар sarapshy.info 05/08/2025

Орал-Атырау жолын экс-депутат Амирханянның компаниясы жөндейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Атырау мен Орал арасын байланыстыратын республикалық маңызы бар автожолдың 120 шақырымы жөндеуден өтеді. Бұл туралы «Орал апталығы» басылымы ақпарат жариялады.

Жоба құны – 8,3 миллиард теңге. Трассаны «Айдана» ЖШС жөндейді.

1991 жылы ашылған «Айдана» компаниясының негізін қалаушы – Аветик Амирханян. Ол 2021 жылы Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты болып сайланды. 2020 жылдан бастап компанияны Аветик Амирханянның кіші ұлы Армен басқарады.

Орал—Атырау трассасының ұзындығы – 487 шақырым, оның 303 шақырымы Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.

Компания жолдың 372-шақырымынан 492-шақырымына дейінгі аралығында асфальттың үстіңгі қабатын қайта өңдеп, жаңа жабынды төсейді.

Тас жолда 2016 жылы 554 млн теңгеге 39 шақырым және 2017 жылы 1 млрд теңгеге 81 шақырым жол жөнделді.

Бастапқыда бұл жолды түбегейлі жаңғырту жоспарланған. Атырау мен БҚО арасындағы 303 шақырым жол төрт жолақты етіп кеңейту, екі жағына қоршау тұрғызу, жаяу жүргіншілер мен мал өтетін өткелдер салу көзделген. Жобаны әзірлеуге ұйым тартылып, құжаттамасы дайындалғанымен, қаржыландырудың болмауына байланысты бұл жоба кейінге шегерілді.

2024 жылдың сәуірінде Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бұл жобаның сметасы әлі бекітілмегенін айтқан. Кейін «ҚазАвтоЖол» компаниясы реконструкцияның орнына тек орташа жөндеу жүргізілетінін хабарлады.

«Айдана» ЖШС Орал қаласы Зашаған кентінде салып жатқан жол сапасы халық наразылығын тудырды. Бұл мәселені заңгер әрі қоғам белсендісі Бауыржан Ахметжан әлеуметтік желілерде көтерді.

Заңгер мәліметі бойынша «Айдана» ЖШС Зашағандағы 38 көшеге асфальт төсеуі тиіс. Бұл үшін бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінген. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК БҚО филиалының бөлім басшысы Дәурен Әміров мердігер құйған асфалтьбетон қоспасы нормативке сай емес екенін анықтаған.

Аталған ЖШС бұған дейін де талай мәрте жол сапасы жөнінен сынның астына қалды.

Тендерге қатысатын компаниялар өз нысандарындағы жол құрылысын уақтылы атқара алмайтынына мысал көп. БҚО мәслихатының депутаты О. Минасян басқаратын «Ануш құрылыс» ЖШС-ның Чапай—Жаңақала—Сайқын автожолын жөндеуге үлгермейтіні, бір өзі 11 нысан бойынша жол жөндеуді мойнына алғаны белгілі болды.

Сарапшылар мемлекеттік сатып алу конкурсының талаптарын қатаңдату керек деп есептейді.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
"Айдана" ЖШС «ҚазАвтоЖол» Ануш Құрылыс Басты ақпарат Бауыржан Ахметжан Дәурен Әміров жол жөндеу жұмыстары Зашаған Зашаған кенті Орал-Атырау Тас жол
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Ресейдегі порттағы жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

30/03/2026
жаңалық

БҚО-да жасөспірім қызды зорлау ісіне байланысты тергеу жүргізілген шенеунік қайтыс болды

18/03/2026
Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.