Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»БҚО мәслихатының депутаты жол жөндеуге бір жылда 8,3 млрд теңге тендер алған. Енді 20 учаскеге үлгере ме?
Редакция Сарапшы пікірі 03/07/2025

БҚО мәслихатының депутаты жол жөндеуге бір жылда 8,3 млрд теңге тендер алған. Енді 20 учаскеге үлгере ме?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Депутат жол салу үшін депутатқа шағымдану керек пе?»

«Кеше Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев БҚО-ға келді. Бірінші сапары — Жаңақала ауданы. Аяқсыз қалған автокөлік жолын көрді, атқамінерлермен кездесті. Әлі жасалмаған, бітпеген «Чапай — Жаңақала» жолының сиқын көрді. Пост жазды, фактіні айтты. Бірақ, мердігердің «Ануш Құрылыс» ЖШС-і екенін жазбады. Фирманың басшысы — БҚО мәслихатының депутаты Оганнес Минасян екендігін көрсетпеді. Білмеді ме? Әлде, қасында болған аудан әкімі Алпамыс Кушкинбаев айтпады ма?» деп жазды қоғам белсенідісі Бауыржан Зәки фейсбуктегі парақшасында.

-Есесіне Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Руслан Уразалиев шындықтың, кімнің-кім екенін, жолдың неге салынбағанын, техниканың жоқ екенін, Оганнес Минасян депутат болып та, мердігер кейпінде де басқарма арқылы Жаңақалаға шақырса да келмейтінін айтты, — деп жазды заңгер.

 Бауыржан Зәкидің мемлекеттік тапсырыс саласын көп жылдан бері зерттеп, тіпті өзгелерге де үйретіп жүргенін батысқазақстандықтар жақсы біледі. Бұл жолы да ол Goszakup.gov.kz порталын сараптап, бұл жол құрылысына қатысты біраз ақпаратты көпшілікке ұсынды.

 

04.03.2024 ж. БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы (Бауыржан Айтмагамбетов) және «Ануш Құрылыс» ЖШС-і басшысы (Оганнес Минасян) №37 шарт жасаған.

«Чапай — Жаңақала — Сайхын» 0-104 шақырым (таңдалмалы 40 км) облыстық жолды орташа жөндеу». Құны 2 892 285 468 теңге = 2,8 млрд. Мерзімі — 9 ай. Аванс 478 млн 19.03.2024 ж. төленген. Былтыр тек 2 км асфальт салынған.

20.01.2025 ж. Басқарма басшысы Марат Куанышалиев мердігер Оганнес Минасянмен қосымша шарт жасады. Мәні, құны солай қалды, тек мерзімі 31.12.2026 ж. дейін өзгерді. Содан бері тым-тырыс, мердігер өз міндеттерін орындамай жатыр.

Марат Қуаншалиев аудан жұртының сәлемін жеткізген Руслан Уразалиевке «Ануш Құрылыс» жұмысты 26.06.2025 ж. бастайды» деп уәде берген. Дәл қазір жолда техника да жұмысшы да жоқ.

Техқадағалаушы — «КустанайСпецСтрой» ЖШС (БСН 091040019633, дир. Абайхан Садық). Шарт құны — 66,3 млн, оның 10,5 млн-ын алған. Алайда, нысанда олар да жоқ.

«Ануш Құрылыс» қанша тендер алған?

27.01.2025 ж. — Орал ТҮКШ — 699 млн теңге — «Жолдарды ағымдағы жөндеу»

28.02.2025 ж. — Бәйтерек ТҮКШ — 799 млн теңге — «Қаражар, Поливное ауылына кірме жолды күрделі жөндеу»

28.02.2025 ж. — Бәйтерек ТҮКШ — 757 млн теңге – «Жалын, Мирное ауылына кірме жолды күрделі жөндеу»

18.03.2025 ж. — Орал ТҮКШ — 661 млн теңге — «Строитель мкр жолын орташа жөндеу»

03.04.2025 ж. — Орал ТҮКШ — 2,5 млрд теңге – «Ветелки ауылына кірме жолды күрделі жөндеу»

04.04.2025 ж. — Орал ТҮКШ — 330,6 млн теңге — «4 мкр жолын орташа жөндеу»

14.04.2025 ж. — Зашаған әкімі — 154,7 млн теңге — «Коминтерн ауылы, Беляев көшесін қайта құрылымдау»

22.04.2025 ж. — Шыңғырлау ТҮКШ — 976,4 млн теңге — «Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка» жолын күрделі жөндеу

07.05.2025 ж. — Сырым ТҮКШ — 1 млрд теңге – «Қособа ауылы 14-29 км кіре беріс жолды орташа жөндеу»

19.05.2025 ж. — Сырым ТҮКШ — 353,6 млн теңге – «Бұлдырты аулының 6 көшесі күрделі жөндеу»

13.06.2025 ж. — Орал ТҮКШ — 90,8 млн теңге — «Скоробогатов, Исаева, Победа көшесін күрделі жөндеу»

Биыл ғана 11 шарт — шамамен 8,3 млрд жұмыстарын алған. Бес жерде орналасқан 20 астам жол учаскелеріне үлгере ме?

2023 жылы Оганнес Минасян «Amanat» партиясының партиялық тізімі бойынша БҚО мәслихаты депутаты атанды. «Центр Содействия Политике Президента по Противодействию Коррупции» РҚБ-нің сайтында Оганнес Минасян өзі туралы былай жазған: «С 2018 г. состою в партии «Аманат». 30.03.2023 г. избран Депутатом в органы власти для представления интересов во властных структурах, защиты прав, закрепленных в Конституции и законах».

Қоғам белсендісі, заңгер Бауыржан Зәки жолды салмау әрекетсіздігі туралы облыс прокуроры Серік Шалабаевқа хат жолдаған.

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат Бауыржан Зәки БҚО жол мәселесі Жаңақала жолы Нартай Сарсенгалиев Оганнес Минасян тендер
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.