Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда дрондарды қадағалайтын орталық құрылады
Дария Ғұмар жаңалық 28/07/2025

Қазақстанда дрондарды қадағалайтын орталық құрылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда дрондардың ұшуы мен тіркелуін реттейтін Бірыңғай басқару, бақылау және келісу орталығы құрылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарына берген жауабында хабарлады.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаттары бұған дейін дрондарды бейберекет қолдану қауіпті екенін, бақылау жүйесін күшейту қажеттігін айтқан еді. Олар ұшқышсыз аппараттарға арналған Remote ID жүйесін енгізіп, өндірушілерді лицензиялау, дрондарға “қара жәшік” орнату және көпшілік жиналатын шараларда заңсыз қолданғандар үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

2025 жылдың ақпан-наурыз айларында БҚО-да 8 белгісіз дрон құлады. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдиновтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының аумағында анықталған ұшқышсыз ұшатын аппараттардың 90%-дан астамы Ресей Федерациясының 926-шы Бас ұшу-сынақ орталығының полигонына тиесілі.

Жуырда Үкімет 2025-2031 жылдарға арналған азаматтық ұшқышсыз авиацияны дамыту тұжырымдамасын бекітті. Құжат аясында дрондарды экономика салаларында кеңінен қолдану, кадр дайындау, отандық өндірісті қолдау, қауіпсіздікке төнетін қатерлерді азайту және заңбұзушылық үшін жауапкершілікті күшейту шаралары қарастырылған.

Сонымен қатар Өнеркәсіп және Қорғаныс министрліктерінің бірлескен бұйрығымен қабылданған бағдарлама шеңберінде 2026 жылдың I тоқсанында дрондардың ұшу мәліметтерін жинауға арналған бірыңғай орталықты құру жоспары әзірленеді.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Shahed дрондары БҚО-да дрон құлады депутаттық сауал Дрон шабуылы дрондар Қорғаныс министрлігі Мәжіліс Олжай Бектенов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.