Алматы облысындағы Отар ауылының тұсында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Тікұшақ бортында үш адам болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір ТЖМ, Апаттар медицинасы орталығы және республикалық жедел-құтқару жасағы мамандары Отар ауылы маңындағы аумақты шолып жүр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
ҚР ТЖМ күштері мен «Қазавиақұтқару» тікұшағы оқиға орнына дереу аттанды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 100-ден астам адам, 15 техника, оның ішінде дрондар мен авиация жұмылдырылған.
фото: pexels.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

