Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»15 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 15/10/2024

15 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар туралы айтты.

Оның сөзінше, аталған елде жұмыс істеуді реттейтін министрлік әзірлеген келісімшарт Корея тарапына жіберілген. Қазір ол елде құжат қарастырылып жатыр.

«Қазіргі кезде мемлекеттік органдар біздің дайындаған келіciмшартқа келісім беріп, ол құжат Оңтүстік Кореяға сыртқы істер министрлігімен жіберілді. Сол жақта қарастырылып жатыр. Осы жазда Корея Президенті келгенде еңбек министрліктерімен меморандумға қол қойылды, соған сәйкес қазір құжаттармен алмасу жүріп жатыр. Біздің вице-министр Асқарбек Ертаев нақты осы жұмыс бойынша Кореяға барып келді», — деді министр.

Белгілі болғаны, Оңтүстік Корея біздің мемлекетке үш талап қойып отыр. Біріншіден – Кореядағы елшілікте жұмыс туралы атташе лауазымын енгізу. Екіншіден, 15 мыңға жуық біздің азамат ол жақта заңсыз жүр, сол азаматтарды елге шақырыңдар деген талап қойған. Үшіншіден, қазақстандықтар Корея Республикасына жұмыс істеуге барарда халықаралық сертификаттаудан өтуі керек.

«Біз үш өңірде арнайы жаңа орталықтарды даярлап қойдық. Айта кету керек, барлық талабын орындадық, енді күту ғана қалды», — деді Светлана Жақыпова Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандықты елге қайтарумен Ішкі істер министрлігі айналысып жатқаны белгілі болды.

«Егер олар қазір билет алып, елге оралса, ешқандай әкімшілік, құқықтық міндеттемелер қойылмайды. Ал мерзімінде келмей, қалып қойса, сол жерде құқықтық міндеттемелер туындайды», — дейді ведомство басшысы.

Светлана Жақыпова қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде еңбек етуге рұқсат беру жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Шетелде қанша қазақстандық жұмыс істейді?

Жасыратыны жоқ шетелге жылдан жылға жұмыс іздеп баратын қазақстандықтардың саны артып келеді.

Ресми дерекке сүйенсек, еліміздің азаматтары көбіне Ресей, Корея, Түркия және Араб Әмірліктерінде жұмыс істеп жатыр. Биыл шетелде 135 мың қазақстандықтың жұмыста екені анықталған.

Finprom.kz сайтының мәліметінше, былтыр 194 мыңға жуық қазақстандық шетелде жұмыс істеген. Оның 57 пайызы ерлер болса, 43 пайызы – әйелдер.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Оңтүстік Корея
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.