«Жайық орманы» резерваты неге құрылмай қалды?

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке «Жайық орманы» резерваты не себепті құрылмай қалғанын сұрап сауалдар жолдадық. Біздің редакцияның «Орман резерватын құру жұмысы неге ұзақ уақытқа созылып кетті? «Жайық орманы» резерватын құруға қандай кедергілер бар?» деген сауалына әкімдік аппараты төмендегідей жауап берді.

– «Жайық орманы» мемлекеттік табиғи резерватын (бұдан әрі – Резерват) құру мақсатында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы жерлерді резервке қою жөнінде № 240 қаулысы шықты. Резерват жерінің көлемі 46 969 га құрайды, оның ішінде Бөрлі КММ (22 700,0 гектар), Орал КММ (6,0 гектар) және Январцев КММ (24 263,0 га) мемлекеттік орман қорының жерлері кіреді. Сондай-ақ, Жайық өзенінің жағалауындағы резервке қоюға жоспарланған аумақта республикалық маңызы бар «Кирсанов» (кешенді) мемлекеттік табиғи және жергілікті маңызы бар «Дубрава» мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумалдарының жерлері орналасқан.

Табиғи-ғылыми экономикалық негіздеме жобасы Комитетпен бекітілді және ол бойынша Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен 2014 жылғы 14 ақпандағы №13-06-12/І-18868 мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта өзгерістер енгізіліп жатыр.

«Жайық өзені сағасында мемлекеттік табиғи резерват құрудың табиғи-ғылыми және техникалық экономикалық негіздемелерін әзірлеу» бойынша 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзені сағасында ерекше қорғалатын табиғи аумақ (бұдар әрі – ЕҚТА) құру бойынша жұмыстарға бастамашылық етілді. Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес ЕҚТА құру 2 жыл ішінде 2 кезеңмен орындалады: 1) жаратылыстану-ғылыми негіздеме әзірленеді, далалық зерттеу жұмыстары және ЕҚТА шекарасы мен аумағының анықталуы кіреді; 2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, ЕҚТА жоспарлық ұйымдастыруы, әртүрлі режимдегі қорғау аумағын анықтау үшін функционалдық алдын ала тексеруі, инфраструктураның негізгі даму жоспарын дайындалуы және ішкі шаруашылық құрылысы жатады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 29 қыркүйектегі «Республика және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін резервтеу, ұлғайту және құру жөнінде ережесін бекіту туралы» № 943 қаулысына сай, Инспекция Батыс Қазақстан облысының Орал каласы, Бөрлі, Бәйтерек және Теректі аудандарындағы мемлекеттік орман қорының 46 969 гектар жерін, резерват құру мақсатында резервке қою жөнінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысына сәйкес комиссия құрылды. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктер мен экобелсенділері қосу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат елді мекені маңындағы орналасқан орман алқаптары резерват ауданына кірмейді. Алайда, резерват аумағын кеңейту мақсатында, Жайық өзені жайылмасының бойындағы жерлерді (Ресей Федерасының шекарасынан бастап Атырау облысының шекарасына дейін) қосу мәселесі қарастырылуда, – делінген әкімдік жауабында.

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған