Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Ресей Қазақстанның солтүстік өңіріне ірі газ құбырын тартады
Нұртай Текебаев Экономика 09/10/2025

Ресей Қазақстанның солтүстік өңіріне ірі газ құбырын тартады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресей Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін газдандырмақ. Бұл жөнінде «Газпром» компаниясы хабарлады.

«Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер мен Қазақстан Республикасы үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр меморандумға қол қойды.

Жоба бойынша солтүстіктегі облыстарға Ресей ірі магистралдық құбыр тартады. «Газпром» бұл  келісімді ұзақмерзімді жоба деп атап өткен.

Көгілдір отын Батыс Сібір кен орнынан жеткізіледі. Бір жылда құбыр арқылы 10 млрд текше метр табиғи газ тасымалданады.

Кейінгі жылдары Еуроодақ Ресей газынан бас тартатынын ашық мәлімдей бастады. Осы бағытта РФ жаңа нарық іздей бастағаны анық.

Сарапшы Бауыржан Биахмет Ресейдің көгілдір отын жеткізуі ел үшін тиімді болуы мүмкін деп санайды.

«Біріншіден, бұл жоба пайдасы көп болуы мүмкін деген ойдамын. 2019 жылы іске қосылғанымен «Сарыарқа» магистральды газ құбыры көптеген елді мекенді қамтығанымен, солтүстік-шығыс жаққа қарай көгілдір отын жеткен жоқ. Ресей Үндістан мен Қытай нарығына шығуды көздеп отыр. Қытайға Қазақстан арқылы газ құбырын тартуды жоспарлайды. Осы факторларды есепке ала отырып, біздің мемлекетке тиімді жоба болады деп есептеймін.

Екіншіден, бұл жоба саяси тетікке айналуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ бұлай болуы екіталай. Егер халықты арзан газбен қамтамасыз ете алса, Қазақстан ұтады», – деді сарапшы.

ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, 2023 жылы Энергетика министрлігі «Сарыарқа» газ құбыры Ресей құбырымен қосуды қарастырып отырғанын мәлімдеген. «Газпром» Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарын газданырудың техникалық-экономикалық негіздемесін даярлайтыны айтылған.

«Батыс аймақтан келетін газ кейде артылып қалуы, кейде жетіспеуі мүмкін. Ресей құбырымен жалғаған кезде газ тапшылығын жоюға немесе артылғанын ары қарай айдауға болады. Әрине, Ресей өзінде өндірілген газды молынан сатып, басқа көзден газ тасымалдауға тыйым салуға тырысуы мүмкін. Оған Қазақстан үкіметі, Энергетика министрлігі жол бермеуі керек», – деді Бауыржан Биахмет.

«Газпром» сайтында меморандум бойынша үкімет Қарашығанақта өндірілетін газды Орынбордағы газ өңдеу зауытында қайта өңдеуге келісім бергені айтылды. Талап бойынша зауытта жаңғырту жұмысы жүргізіледі. Осыған қарағанда, Батыс Қазақстан облысынан Орынборға тасымалданатын газ көлемі ұлғаюы мүмкін. «ҚазРосгаз» компаниясы Қарашығанақ газын қымбатқа сатып алуы тиіс.

Бұған дейін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірде газ өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Зауыт жылына 4 млрд текше метр газды өңдемек. Бірақ Орынбормен келісім бұл жобаға қалай әсер етері белгісіз. Ал Қарашығанақ кен орнынан Орынборға 1984 жылдан бері газ жеткізіліп отыр.

«Кеңес үкіметінің кезі. 1984 жылы Қарашығанақ кен орны іске қосылғанда, Орынбордағы газ өңдеу зауытының қоры азайды. Сондықтан Қарашығанақ газын Орынборға беру керек деп шешті. Конденсат мен мұнайды Самараға айдадық. Одан басқа газды шығаратын зауытты іздеген жоқпыз. Тағы бір себеп – Қарашығанақ газында күкіртсутек көп. Орынбордағы кәсіпорын осы газдан күкіртсутекті алып, тауарлық газға айналдырады. Өзінің шығынын осы шикізат  есебінен өтейді де, тауарлық газды Қазақстанға кері жолайды», – деп түсіндірді геолог Балтабек Махуов.

ҚПО жылына Орынборға 9 млрд текше метр газ жіберіп отыр. 2023 жылы Қарашығынақта 22,385 млрд текше метр газ өндірілді.

фото: 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
газ Қарашығанақ ҚПО Орынбор Ресей тауарлық газ бағасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.