Орал қаласындағы «Шашлыкоff» кафесінде тарақан жүргені туралы әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін дәмхана иесіне әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Қоғам белсендісі Алмагүл Иқсанова жариялаған бейнежазбада кафедегі тарақандарды көруге болады.

Кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес («санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұзу») жазаланды. Бұл бап бойынша жеке шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 160, орта кәсіп иелеріне 210, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 600 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
фото: istockphoto.com

