Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ислам даму банкі су қоймасы жобаларын қаржыландырауға 3,5 млн доллар грант қаражатын бөледі
Наргиза Ерес sarapshy.info 13/11/2024

Ислам даму банкі су қоймасы жобаларын қаржыландырауға 3,5 млн доллар грант қаражатын бөледі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ислам даму банкі Қазақстанда су инфрақұрылымы бойынша жобаларды атқаруға қомақты қаражат бөлді. Банк 3,5 млн доллар өтеусіз грант қаражатын бағыттады. ҚР Үкіметі мен ИБД өкілдері Бакуде келісім құжаттарына қол қойды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметіне сай грант қаражатына елорда мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған:

  • Астана су қоймасын толықтыру;
  • Төрт жаңа қойма салу;
  • Төрт қойманы жаңғырту;
  • 115 арнаны реконструкциялау және жаңалау.

2024 жылдың көктемінде Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны орын алды. Осы кезеңде Үкіметтің тасқынға дайындығы нашар болып шықты. Бірнеше су қоймасы мен басқа да инфрақұрылымдардың талапқа сай салынбағаны анықталды.

Осыған байланысты Су рерустары және ирригация министрлігі жаңа шараларды қолға алды. Биыл жаңа Су Кодексінің жобасын әзірлеп, Мәжіліске ұсынды. Оған қоса Су ресуртарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындады. Тұжырымдама бойынша белгіленген кезеңде 42 су қоймасын салу, 37 су қоймасы мен 14  450 шақырым каналды қайта жаңғырту көзделген.

Аталған министрлік 2024 жылы су шаруашылығы нысандарын дамыту мақсатында 411 іске қосылғанын хабарлады. Оның ішінде суармалы жерді қалпына келтіру, 203 су арнасын салу және жөндеу қарастырылған.

30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы су қоймаларының толу көрсеткіші:

  • Оңтүстік облыстарда – 55%,
  • Солтүстік облыстарда – 79%,
  • Орталық өңірде – 85%,
  • Батыстағы облыстарда – 44%,
  • Шығыстағы облыстарда – 89% су жиналған.

Айта кетейік, Sarapshy.info Орта Азия елдері Қазақстанға 11 млрд текше метр су жіберуге келіскені туралы жазды.

Сурет: kazgazeta.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Баку Ислам даму банкі Орта Азия елдері су инфрақұрылымы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.