Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Грузия көліктері: қоғам белсендісі Жамаубаевқа ашық хат жолдады
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 25/10/2023

Грузия көліктері: қоғам белсендісі Жамаубаевқа ашық хат жолдады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оралдық заңгер, облыстық қоғамдық кеңестің және мемқызмет әдеп кеңесінің мүшесі, «Әділдік жолы» РҚБ-ның БҚО бойынша филиал басшысы Бауыржан Ахметжан Қазақстанның Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа әлеуметтік желіде ашық хат жолдады. 

— Шетелден, әсіресе АҚШ, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдерден 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бері уақытта сатып алынып, Қазақстанға әкелінген, құрастырылғанына 3 жылдан асқан (2021 ж. дейін) жеңіл автокөліктер үшін алғашқы тіркеу сомасы, кәдеге жарату алымы, кеден бажы толық алына ма? Әлде азайтыла ма? Шетелден сатып алынған транспорттық құралдарды Қазақстанда ресми тіркеу алым-салымдардың сомасын азайту мәселесін қарастырдыңыз ба? Бұл туралы Мәжіліс депутаттарынан тиісті сауал, сұрау түсті ме? — деген сауал жолдады Бауыржан Ахметжан.
Соңғы жылдары АҚШ, Грузия, Армения, БАӘ, Оңтүстік Корея сияқты елдерден жеңіл автокөлік сатып алу үрдіс алды. Себеп — алыс және жақын елдердегі көлік құралдарының бағасы арзан және сапасы өте жақсы. Екіншіден, Қазақстандағы көліктер ескіре бастады, әрі ресми автосалондарда көлік жетіспейді, бағасы тым қымбат. Бірақ шетелден әкелінген көліктерге мемлекеттік тіркеу қымбат.
Бауыржан Ахметжан есептеуінше, Грузиядан 15 000 $ (шартта 11405 $, ҰБ ставкасы: 1 АҚШ $ — 479,06 теңге) сатып алынған 2019 жылғы көлемі 2,5, Toyota RAV4 кроссоверін тіркеу төмендегідей:
1. Алғашқы тіркеу — 1 725 000 теңге
2. Кәдеге жарату алымы — 862 500 теңге
3. Кеден бажы 15% (көлік құнынан) немесе 2250 $ = 819 552 теңге
4. Қосымша құн салығы 12% (көлік құнынан) не 1800 $ = 756 472 теңге
5. Көліктің қауіпсіздігі туралы сертификат — 47 500 теңге
6. Брокер қызметі —  60 000 теңге
7. Уақытша сақтау қоймасы — 15 000 теңге
8. Кеден алымы — 20 700 теңге.
Сонда ресми тіркеу үшін көліктің құны 4 306 724 теңгеге шығады. Яғни, тіркеу көлік құнының 60% құрайды. Сондай-ақ, Грузияға бару-келу, яғни жол шығынына кем дегенде 150 000 теңге қажет етеді. Грузияда офис ашып, көлік құжаттарын дайындайтын қазақ жігіттері қызметіне 500$ алады екен. Бірақ, бұл шетелдік көліктердің бағасы Қазақстанда ресми тіркелгеннен кейін де елдегі дәл осындай көліктерден әлдеқайда арзанға шығады.
— Былтырғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шетелдерден әкелінген автокөліктерді заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынған болатын. 2023 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесі арасында ІІМ-нің ақпаратына сай, елімізде 196 мың автокөлік заңдастырылды. Әйтсе де ағымдағы жылы да ел аумағына шетелден бірнеше ондаған мың автокөлік кіргізілді, олардың да көбісі транзиттік номерлермен жүр. 2023 жылғы 21 қазанда Қаржы министрлігі «Қазақстан ЕАЭО кеден баждарын бөлу әдістемесін қайта қарауды жақтайды» атты релиз берді. Сауда және интеграция министрлігіне сенсек, әрбір мемлекет үшін кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері:
Қазақстан – 6,955%,
Қырғызстан – 1,9%,
Армения – 1,22%,
Беларусь – 4,86%,
Ресей – 85,065% мөлшерінде белгіленген.
Яғни, жоғарыда келтірген Toyota RAV4 көлігін Қазақстандық есепке қойғандағы төлемдердің тек 6,9 пайызы еліміздің бюджетіне тиеді екен. Ал, кәдеге жарату алымының не үшін және қалай пайдаланатыны туралы тіпті түсініксіз. Бұл, әсіресе жағдайы қиын, жұмыссыздық көп, жалақы төмен, доллардың бағасы шарықтап, теңгеміз құлдырап тұрғанда, азық-түлік пен тауарлардың бағасы аса қымбат уақытта халықтың қалтасына соғады. Халықты қанау деген осы емес пе? — дейді қоғам белсендісі Бауыржан Ахметжан.
sarapshy.info

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Грузия көліктері көлік тіркеу
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Қаржы

Үшжылдық бюджет: БҚО-да қай салаларға қаражат бөлінді?

15/01/2026
жаңалық

Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы: миллионер жұбайлар, жалақыға өмір сүретін министрлер

06/01/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.