Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 6 қыркүйек
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Үшжылдық бюджет: БҚО-да қай салаларға қаражат бөлінді?
Дария Ғұмар Қаржы 15/01/2026

Үшжылдық бюджет: БҚО-да қай салаларға қаражат бөлінді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың 8 желтоқсанында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетітуралы заң күшіне енді. Құжатқа сәйкес, БҚО-ға бөлінген бюджеттік субвенцияның көлемі 173 млрд 643 млн 915 мың теңгені құрады. Өңірдегі бюджет бөлінісі туралы деректерге сүйенсек, жергілікті кірістер жалпы шығыстың бестен бір бөлігін ғана жауып, негізгі салмақ республикалық трансферттер мен қарыздарға түсіп отыр. Бұл туралы қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиев хабарлады.

2026 жылға жоспарланған бюджет көлемі – 519,2 млрд теңге, 2027 жылы – 635,4 млрд теңге, 2028 жылы – 674,9 млрд теңгені құрайды.

Өңірдің қаржылық дербестігі

Облыстың 2026 жылға тиесілі кірістері – 99,7 млрд теңге, жалпы бюджет көлемінің 20%-нан аз бөлігін ғана қамтамасыз етеді. Бюджеттің басқа бөлігі республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен толығады, олардың көлемі 2026 жылы 280,2 млрд теңгеге, ал 2027-2028 жылдары 405 және 468 млрд теңгеге дейін өседі.

2025 жылғы жағдай бойынша облыстың жалпы кірісі 532,07 млрд теңгені құрады, бірақ оның 60,4%-ы республикалық бюджеттен бөлінетін субсидияларға тиесілі еді.

Облыста мұнай өндіретін Қарашығанақ және Чинарев секілді ірі кен орындары жұмыс істеп тұрса да, оның пайдасы жергілікті бюджетке тікелей түспейді. Табыс республикалық деңгейде кері бөлініп, облысқа аз ғана бөлігі қалады.

Оқыңыз: Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

Бюджет бөлінісі

2026 жылы шығыстардың 440,2 млрд теңгесі ағымдағы қажеттіліктерге жұмсалса, оның шамамен 18%-ы, яғни 79 млрд теңгесі облысты дамыту жобаларына бағытталмақ. Биыл жаңа құрылыс пен ірі инфрақұрылымдық жобаларға қаражат қарастырылмаған, ал 2025 жылы басталған 68 инвестициялық жоба жеткілікті қаржыландырылмай отыр.

Бюджет тапшылығын жабу үшін 108,6 млрд теңге қарыз алу жоспарланған.

Әлеуметтік салаға 281,6 млрд теңге бөлінді, ал денсаулық сақтау шығындары 12,8 млрд теңгемен шектелді.

Ауыл шаруашылығы, экология, ветеринария және жер қатынастары салаларына 62,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

2026 жылы көлiк инфрақұрылымын дамытуға 15,8 млрд теңге жұмсалады.

Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және отын-энергетика кешеніне арналған шығын 89 млрд теңгені құрайды.

Облыста құқық қорғау органдарының қызметіне 15,2 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Алдағы екі жылда бұл сома екі есе артпақ.

Кәсіпкерлік қызметті қолдауға 2026 жылы 2,3 млрд теңге бөлінеді.

Сондай-ақ 2026 жылы облыс қарыздардын өтеуге 30,6 млрд теңге бағытталады.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 БҚО БҚО бюджеті Бюджет қаражаты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Қыркүйек 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.