Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 22 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сұқбат»«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»
Нұртай Текебаев Сұқбат 06/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан – діни сенім бостандығына кепілдік беретін зайырлы ел. Осыған байланысты БҚО дін істері басқармасының басшысы Азат Қаратайға діни мәселе төңірегінде сауалдар қойған едік. Басқарма басшысы облыстағы ахуал тұрақты екені, өзекті жайттардың назарда тұрғаны туралы айтты.

— Азат Айболатұлы, облыстағы діни ахуал жөнінде баяндасаңыз. Қанша конфессия бар, қанша діни бірлестік бар?

— Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы аумағында 8 конфессияны құрайтын 90 діни бірлестік тіркелген. Олардың ішінде исламдық бағыт бойынша – 57, православиелік бағыт бойынша – 20, католиктік бағыт бойынша – 2, протестанттық бағыт бойынша – 9, Ехоба куәгерлері бойынша – 1, буддистік бағыт бойынша – 1 діни бірлестік бар.

— Облыс тұрғындарының неше пайызы дінге сенеді? Осыған қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізіле ме?

— 2024 жылдың екінші жартыжылдығында облыс бойынша дін істері басқармасы жүргізген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенсек, респонденттердің 71,6%-ы ислам дініне сенетінін айтқан, 20,5%-ы христиан, 0,2%-ы буддизм, 0,8%-ы иудаизм дінін ұстанамыз деп есептесе, 4,2%-ы атеизмді, 0,7%-ы агностицизмді, 2%-ы тәңіршілдікті құптайды.

— Ислам дінінен бөлек, православ, католик, одан бөлек протестанттық бағытта діни ұйымдар бар. Осы діни ұйымдарға қанша адам тіркелген? Шіркеулерге баратын облыс тұрғындарының қатары артты ма?

— Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысындағы өкіл имамының мәліметі бойынша қаладағы ислам дініне қатысты діни бірлестіктерге, атап айтқанда жұма және айт намаздарына келушілердің саны 12 мыңнан асады. Ал православ бағытындағы діни бірлестіктер құрамын айтсақ, әсіресе діни мейрамдар кезінде жиналатын халық саны шамамен 5 мың адамды құрайды.

Протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер заң талаптарына сәйкес жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл бағыттағы діни ұйымдарда келушілер санына қатысты ерекше өсім байқалмайды. Яғни жылдар бойынша салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ, келушілер құрамы тұрақты. Әрбір діни бағыттың өзіне тән тұрақты жамағаты бар. Алайда кейінгі жылдары кейбір діни бірлестік қызметін тоқтатқанын да атап өтуге болады. Мысалы, соңғы 1-2 жыл көлемінде бір діни бірлестік тарады, себебі келушілер саны аз болды. Кейбір діни ұйымда уақытша өсім болғанымен, жалпы алғанда адам санының күрт арту үдерісі байқалмайды.

— Оралда буддалар ұйымы бар екені белгілі. Олар немен шұғылданады?

— Орал қаласындағы жергілікті буддистік діни бірлестік 2012 жылы тіркелген. 2019 жылы басталған пандемия кезінен бері келушілер құлшылығын үйде атқарып келе жатыр. Бірлестікке мүше ретінде 50 адам тіркелген.

— Барлық ауданда теологтар жұмыс істей ме? Олардың неше пайызы жоғары білімді? Әсіресе христиандық бағыттағы мәселелерді талқылайтын теолог мәселесі өзекті екенін білеміз. Дін істер басқармасы қандай мамандарды жұмысқа тартты? Қандай мамандарға мұқтаж?

— Қазіргі таңда кадрға сұраныс байқалғанымен, облыс аудандарын теолог мамандармен толық қамтуға басымдық берудеміз. Өңірдегі теологтардың 73%-ы жоғары діни білімге ие.

Ал христиандық бағыт бойынша жұмыс істейтін мамандарды көбейтуді көздеп отырмыз. Өңірде христиан шіркеулерінің тарихын зерттеген тарихшы мамандарды да жұмысқа тарттық. Оған қоса облыстық дін істері басқармасында және Дін мәселелерін зерттеулер орталығында қызмет атқаратын кәсіби кадрлар бар. Атап айтқанда, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің түлегі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистрі мониторинг жұмысымен шұғылдануда.

Соңғы жарты жыл ішінде басқарманың ықпалымен Бәйтерек, Жәнібек, Сырым аудандарына теолог мамандар жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта аудандарда мамандар санын арттырамыз.

Бүгіндері Нұр-Мүбәрак университетінде біздің облыстан оқуға түскен 50-ге жуық студент білім алуда. Сонымен қатар исламтанушылар ғана емес, дінтанушы мамандардың да қызығушылығын арттыру мақсатында 17 сәуірде дінтанушыларға арналған облыстық олимпиада өткізілді.

— Дін мәселелерін зерттеу орталығында қанша маман жұмыс істейді? Орталық қызметі туралы қысқаша айтып өтсеңіз?

— Дін мәселелерін зерттеу орталығында 21 маман жұмыс істейді. Орталықтың негізгі үш міндеті бар: радикалды идеологияның алдын алу үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жат ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жеке жұмыс жүргізу және оларды қоғамға бейімдеу және медиа кеңістікте радикалды идеологияларға қарсы контент дайындау.

— Мешіттерде әлі күнге ҚМДБ ережесіне бағынбайтындар бар. Мәселен,  қиямда тұрғанда кей намазхан «әминді» жария айтады. Ұсақ-түйек көрінгенімен, осы мәселе неге реттелмей келеді? Діни алауыздық мәселесі қаншалықты өзекті?

— Елімізде жұмыс жасап жатқан мешіттердің барлығы дерлік ҚМДБ-ға қарасты. Мешіттердің имамдары ҚМДБ бекіткен ішкі тәртіпке сай қызмет атқарады. Соның ішінде жамағат намазын өткізу әдебі де қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, еліміздің барлық мешітінде жамағат намазы дәстүрлі ханафи мәзһабына сай жүруі тиіс. Алайда оған бағынбайтын топтар да жоқ емес. Жоғарыда айтылған «әмин» дұғасын жария айту да сол ішкі тәртіпке бағынбаудан шығып отырғаны мәлім.

Мешіт – қоғамдық орын. Демек қоғамдық орынның тыныштығын бұзу да заң алдындағы жауапкершілікке әкеп соғады. «Әмин» дұғасын жария айтуды реттеу мәселесі бойынша бірнеше тәсіл қарастырылған. Соның бірі – ішкі тәртіпке бағынбаған адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту. Мысал ретінде 2019 жылы 29 қыркүйек күні Атырау қаласындағы «Иманғали» мешітінде болған оқиғаны айтуға болады. Аталған мешітте құптан намазының алдында имам жамағатқа «әминді» іштей айтуды бірнеше мәрте сұраған. Алайда С. есімді азамат тәртіпке бағынбай, имамның айтқанына қарсы шыққан. Сол себепті аталған тұлғаға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 490-бабының 2-бөліміне сәйкес («Діни рәсімдерді өткізу тәртібін бұзу», яғни мешіт әкімшілігінің ішкі тәртібіне қайшы әрекет) хаттама толтырған. Бірақ бұл тәжірибе қазіргі кезде көп қолданылып жүрген жоқ.

Дұрысы, ҚМДБ тарапынан мешіттің ішкі тәртібіне байланысты нақты нұсқау берілгені, имамдар күнделікті келетін жамағатқа «әмин» дұғасы және соған ұқсас даулы мәселеде түсіндірме жұмысын жүргізгені, ортақ тәртіпке бағынуға шақыру сынды гуманды әдістерді қолданғаны жөн. Себебі біреудің діни сеніміне байланысты оны қыспаққа ала беру оның радикалды сезімдерін оятуы мүмкін. Сол себепті барынша гуманды әдісті қолданған жөн. Егер адам сыпайы ескертуге құлақ аспаса, тәртіпке бағынғысы келмесе, онда заң бойынша тәртіптік шараларды қолдануға тура келеді.

— Оншақты жыл бұрын мешіттерде парыз намаздан кейін аруақтарға дұға бағыштайтын. Осы үрдіс неге жалғасын таппайды?

— Қазіргі таңда бұл дәстүр толығымен тоқтады деуге келмейді. Көп мешітте бұл үрдіс жалғасуда және алдағы уақытта да үзілмейді. Алайда жамағаттың ішінде марқұмдарға Құран бағыштамайтын адамдар да кездеседі. Бұл көбіне теріс діни ағымдардың ықпалында жүрген азаматтармен байланысты. Олар аруақтарға Құран бағыштауды түбегейлі терістейді. Құран бағыштау – Исламда рұқсат етілген, бірақ орындалуы міндетті емес амал екенін де атап өткен жөн.

— Азат мырза, қазіргі уақытта Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатындардың өздері жікке бөлініп кеткендей әсер қалдырады. Шариғат талабын қатаң сақтауды талап ететін деобанд мектебінің ықпалы жамағатқа әсер етіп жатқан көрінеді. Бұл да саясиланған ағым ба? Қазіргі ахуал қалай? Түсіндіре кетсеңіз.

— Аталған жамағат елімізде белең ала бастаған тұста «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті бір топ оқытушысын деобанд бағытының тарихи негізі қалыптасқан Үндістан мен Пәкістан елдеріне ғылыми-зерттеу мақсатында жіберген еді. Сапар барысында бес ай көлемінде сол елдердегі діни және саяси ахуал, деобанд жамағатының ерекшеліктері мен олардың діни оқу орындарының жүйесі жан-жақты зерттелді. Бұл топтың құрамында елімізге белгілі исламтанушы Асқар Әкімханов та болды.

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының арнайы тапсырысы бойынша Асқар Әкімхановтың қатысуымен деобанд жамағатына қатысты екі бөлімнен тұратын подкаст дайындалып, «Құбыла медиа» YouTube арнасына жарияланды.

Айта кету керек, «деобанди» ұғымы нақты ұйымдық құрылымнан гөрі, жамағат ішінде қалыптасқан атау ретінде қолданылады. Теологиялық тұрғыда да бұл атаудың біздің елдегі нақты мазмұны мен құрылымы Пәкістан немесе Үндістандағы деобандилермен бірдей деп айту қиын. Негізінен, бұл – діни мектептің атауы ғана.

Қазақстандағы деобанд деп аталатын кейбір топтардың ерекшелігі – олардың ресми ислам институты, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметіне қатысты оппозициялық көзқарас ұстануында болды. Бұл жамағаттардың мешіт ішіндегі тәртіпке мойынсұнбауы, діни басқарманың жолын қабылдамауы және жергілікті діни жүйеге қарсы пікір айтуы – олардың негізгі сипаттарының бірі.

Алайда бұл қозғалысты толыққанды саяси сипаттағы ұйым деп айтуға келмейді. Көп жағдайда, бұл – ҚМДБ-ға қарсы пікірлер төңірегінде біріге отырып, өзіндік ұстаным қалыптастырған топтардың әрекеті ғана. «Нұр-Мүбәрак» университеті жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде мамандар осыған қатысты көптеген сұраққа жауап беріп, жағдай біршама тұрақтанды. Бүгінде бұл мәселе жамағат ішінде өзектілігін жоғалтқан деп айтуға болады. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды. Алдағы уақытта да зерттеу және теологиялық тұрғыдан түсіндіру өз жалғасын табады деп сенеміз.

Деобанд жамағаты ханафилік мәзһабты ұстанғанымен, еліміздегі кейбір өкілдерінің қызметі көбіне мәзһаб мәселесінен гөрі, оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді.

— Жат діни ағымдар жастарды қатарына тартуға құштар. Мектеп оқушыларын сақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр?

— Иә, бүгінгі күні жат діни ағымдардың жастарды өз қатарына тартуға ұмтылысы – өзекті әрі алаңдатарлық мәселе. Әсіресе, жасөспірімдердің діни сауатының төмендігін, психологиялық тұрғыда осал болып келетінін білетін миссионерлер олардың санасына радикалды идеяларды сіңіруге тырысады. Осыған байланысты мектеп оқушыларының діни экстремизм мен радикалды идеологиялардан сақтандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 27 қаңтары мен 5 наурызы аралығында қаламыздың 56 мектебінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Бұл шараларға дінтанушылар, психологтер және құқық қорғау құрылымдарының мамандары тартылып, оқушылармен кездесу, семинар, тренинг және ашық сабақтар өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 5000-ға жуық оқушы қамтылды.

Бұл ретте ата-ананың жауапкершілігі ерекше екенін айтқан жөн. Себебі кез келген мұғалім немесе кәсіби психолог маман ата-ананың келісімінсіз баламен жеке жұмыс жүргізе алмайды. Сондықтан бірінші кезекте ата-ана мұқият болуы қажет және қандай да бір мәселе туындаса, тиісті маманға жүгінгені дұрыс.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
БҚО дін ислам ҚМДБ мешіт сұхбат Терроризм мен экстремизм
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Маңғыстау аумағына белгісіз дрон құлады

20/06/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
жаңалық

БҚО-да 700-ден астам науқасқа тегін дәрі берілмеген

31/03/2025

Жаңа мақалалар

Дауыл салдарынан Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды

Оқиға 20/06/2025

Министрлік Израиль мен Ирандағы қазақстандықтарды эвакуациялап жатыр

жаңалық 20/06/2025

Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасын бекітті

Экономика 20/06/2025

Ресейде маркетплейстер қолданушылардың жеке деректерін органдарға беретін заң қабылданбақ

Әлем жаңалықтары 20/06/2025

Маңғыстау аумағына белгісіз дрон құлады

sarapshy.info 20/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Дауыл салдарынан Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды

20/06/2025

Министрлік Израиль мен Ирандағы қазақстандықтарды эвакуациялап жатыр

20/06/2025

Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасын бекітті

20/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.