Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 14 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Батысқазақстандық палуан спорт басқармасынан өзіне тиесілі ақшаны өндіріп алады
Нұртай Текебаев жаңалық 12/03/2025

Батысқазақстандық палуан спорт басқармасынан өзіне тиесілі ақшаны өндіріп алады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы грэпплинг спортымен шұғылданатын Ерлан Алмазұлына бірнеше жылдан берілмеген қаражатын төлейді. Бұл жөнінде Zaki Consulting  компаниясының заңгері Бауыржан Зәки хабарлады.

Заңгерге 2024 жылдың қазан айында 20 жастағы спортшы жүгінген. Ерлан 2022 жылы Испанияда 25 елдің спортшылары қатысқан жастар арасындағы әлем чемпионатында (Grappling World Championships) 92 келі салмақ дәрежесінде 2-орын алған. 2023 жылы Польшаның Варшава қаласында 30 мемлекеттен келген  жастар арасында (Senior, U20 & U17 World Grappling Championships) ұйымдастырылған сайыста 100 келі салмақ бойынша әлем чемпионы атанды.

БҚО әкімдігінің 2017 жылдың 7 тамызында шыққан № 211 қаулысы бойынша оған ай сайын ақшалай жабдықталым төлемі берілуі тиіс болған. Қаулы аясында «Спорт түрлері бойынша республика құрама командаларының спортшыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша республика құрама командаларының құрамындағы спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері» бекітілген.

Соған сәйкес заңгер бас-аяғы екі жүлде үшін спортшыға жалпы 1 940 000 теңге берілуі керек деп есептейді. Өйткені қаулы бойынша жазғы спорт түрінен өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орын алса, әкімдік спортшыларға ай сайынға төлем тағайындауы тиіс.

Спорт басқармасының бұрынғы басшысы Жеңіс Нығметуллин қаражатты төлеуден бас тартқан. Экс-басшы «спортшы өз салмағында 10 елдің атынан спортшы қатысқан жарыста нәтижеге жеткенде ғана ақшалай жабдықталым төленеді» деген қағиданы алға тартқан. Одан кейін басқарма басшысының міндетін атқарушы Мирболат Нұржанов осы сыңайда жауап берген.

Заңгер хат жолдағаннан кейін Орал қаласының прокуроры Мейірхан Ізімов басқарманың «әр салмақ бойынша 10 спортшы қатысу қажет» деген 31.12.2020 жылғы №474 бұйрығын заңсыз деп таныды.

Туризм және спорт министрлігі де ақшалай көмек беру керек деп қолдады. Заңгерге спорт басқармасының жаңа басшысы Бақдаулет Сәбитов комиссияның кезекті отырысында осы мәселе қарастырылатынын, спортшы талабы заңға сәйкес деп танылса, қаражатты төлейтіндерін  хабарлаған.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
БҚО Бюджет қаражаты күрес құқық Спорт саласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025
жаңалық

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025
жаңалық

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Жаңа мақалалар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

жаңалық 14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

жаңалық 14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

жаңалық 14/07/2025

Негізгі ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

жаңалық 14/07/2025

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.